Қарағанды вагон депосы (Қарағанды Сұрыптау стансасы). Қазақстан темір жол Қарағанды бөлімшесіне қарайды. 1935 ж. жылжымалы құрамдарға және жүк пойыздарына техникалық қызмет көрсету үшін құрылған. Депо құрамында 3 қызмет көрсету пункті, көмір тиейтін вагондарды дайындау пункті, 6 мыңдай жартылай вагон мен платформаларды жөндейтін 12 жөндеу жөне көмекші цехы бар.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Дереккөздер
Санат:Темір жол