Мәлік-Айдар Хантемірұлы Асылбеков (15.1.1929 жылы туған, Түркістан облысы қазіргі Шардара ауданы Шардара кенті - 20.05.2015, Алматы) – тарих ғылымдарының докторы (1974), профессор (1983), Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі (2003), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техникалық қайраткері. Өмірбаяны Шанышқылы тайпасының Қатаған руынан шыққан.

Шымкент мұғалімдер институтын (1948) және ҚазМУ-дың тарих факультетін (1954) бітірген. 1958 жылдан Қазақстан ғылым академиясының Тарих, археология және этнология институтының кіші ғылыми қызметкері, Ғылым академиясының қоғамдық ғылымдар бөлімінде ғалым-хатшы (1963–68), аға ғылыми қызметкер (1968–80), бөлім меңгерушісі (1981–1984, 1985–1992), институт директорының орынбасары (1984–1985) болды.

Оның жетекшілігімен 12 ғылым докторы, 50 ғылым кандидаты дайындалды. Қазақстандағы тарихи демография ғылымы мектебінің негізін қалады."Егемен Қазақстан" газеті, №94 (28572), 22.05.2015

200-ден астам ғылым еңбек жазды. «Қазақстан темір жол кадрларының қалыптасуы және дамуы. 1917–1970» деген тақырыпта докторы диссертация қорғады. Ғылым қызметінің негізгі бағыты – 19 ғасырдың 2-жартысы мен 20 ғасырдағы Қазақстанның әлеуметтік-экономика және саяси жағдайы мен демографиясының даму процестері.Түркістан облысының энциклопедиясы.Қазақ энциклопедиясы

Шығармалары Формирование и развитие кадров железнодорожников Казахстана (1907–1970 жж.), Алматы, 1973; Демографические процессы современного Казахстана, Алматы, 1995 (в соавторстве с В. Козиным).

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Көрнекті тарихшы-ғалым М.-А.Х. Асылбеков – 80 жаста www.wap.inform.kz

Санат:15 қаңтарда туғандар Санат:1929 жылы туғандар Санат:Шардара ауданында туғандар Санат:20 мамырда қайтыс болғандар Санат:2015 жылы қайтыс болғандар Санат:Алматыда қайтыс болғандар Санат:Қазақстан тарихшылары Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Профессорлар Санат:Қазақстан Ұлттық ғылым академиясы академиктері Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткерлері Санат:Тарих ғылымдарының докторлары Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген техника қайраткерлері