Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі қоғамдық-саяси жағдай Республиканың партия ұйымын Ж.Шаяхметов басқарды. Ол ҚК(б)П ОК—нің 1946 жылғы 20—22 маусымдағы Пленумында сайланды. Соғыстан кейінгі кезеңде Коммунистік партия идеологиялық жұмысты күшейтуге кірісті. 1946 жылы БК(б)П ОК-нің «Звезда» және «Ленинград» журналдары туралы, «Драмалық театрлардың репертуары және оны жақсарту шаралары туралы», «Большая жизнь» кинофильмі туралы» қаулылары жарық көрді.
Қазақстанда аталған қаулыларды негізге алған саяси науқан 1946 жылғы 26 қыркүйекте Алматыда өткен әдебиет пен өнер қайраткерлерінің жиналысынан бастау алды. Жазушылардың шығармашылығы саясаттан тыс, социалистік реализм принциптерінен ауытқығандығы үшін сыналды. Жазушы Ә.Тәжібаевты «Біз де қазақпыз» кітабында патшалар мен хандарды мадақтағаны үшін сынға алды. Мұндай жиналыстар республикалың барлық облыстарында өте бастады. Журналдар идеолоғиялык зиянды еңбектерді басқаны үшін кінәлі деп табылды. Театрлар буржуазиялық драматургтер пьесаларын, мысалы, Лопе де Вега, Шеридан, Бомарше, т.б. сахналағаны үшін жазғырылды.
ҚКЖО (Қазақстан кеңестік Жазушылар одағы) белсенді жүргізілген саяси науқан нәтижесінде 1947 жылы қазіргі заман тақырыбына лайық шығарма тудыру жөнінде міндеттеме алуға мәжбүр болды. 1947 жылдың 21 қаңтарында ҚК(б)П ОК-нің «Қазақ КСР ғылым академиясының Тіл және әдебиет институтының жұмысындағы өрескел саяси қателіктер туралы» қаулысы шықты. Көп ұзамай ҒА-да партия жиналысы өтті. Тіл және әдебиет институтының ғылыми зерттеулер жоспары қайта қаралды, революцияға дейінгі қазақ әдебиетіне байланысты тақырып алынып тасталды. М.Әуезовтің шығармашылық және ғылыми қызметі сыңға алынды. Ол орысқа қарсы, реакцияшыл, кертартпа көзқарасты насихаттаушы ретінде айыпталды. Қаулының мәнін түсіндіру үшін Алматыда ғылым, әдебиет пен өнер қайраткерлерінің жиналысы шакырылды. 1948 жылы 23 ақпанда Қазақстан композиторлар одағының жалпы жиналысы өтті. Е.Брусиловский, В.Великанов сияқты сазгерлер «Орыс музыкасы классиктерінің тәжірибесін мансұқ еткені үшін» сынға алынды.
1948 жылы тамызда Қазақстанда Қазақ КСР ҒА ҚК(б)П ОК-нің келісімімен барлық биологиялық және медицина ғылымдары институттары мен секторларының ғылыми-зерттеу еңбектері жоспарын қайта қарауға бұйрық берді. 1948 жылы 21 қыркүйекте ҚК(б)П ОК-нің Бюросы республикадағы агробиология ғылымының жағдайын тексеру туралы шешім қабылдады.
ҚК(б)П-ның кезекті IV съезі 1949 жылдың 25 ақпаны мен 1 наурыз аралығында Алматыда өтті. Съезде КСРО құрамындағы республиканың экономикасы мен мәдениетін одан әрі дамыта түсу жолдары анықталды, партиялық-ұйымдастырушылық және көпшілік-саяси жұмыстарды жандандыра түсу қарастырылды. 1951 жылы 10 сәуірде ҚК(б)П ОК-нің «Правда» газетінде жарияланған «Қазақстан тарихы мәселелерін маркстік-лениндік тұрғыдан сөз ету туралы» атты мақала жөнінде қаулысы шықты. Бұл қаулы республикадағы тарих ғылымының бұдан былайғы дамуына кері әсер етті. Тарихшы Е.Бекмаханов қуғынға ұшырады. Ол партия қатарынан шығарылды, «кеңеске қарсы әрекеті үшін» қызметінен босатылып, 25 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол Сталиннің жеке басына табыну әшкереленген соң ғана ақталды. Республиканың Қ.Сәтбаев, А.Жұбанов, А.Н.Самойлович, Е.Исмаилов, Б.Сүлейменов, Қ.Жұмалиев, т. б. көптеген көрнекті ғалымдары құғын-сүргінге ұшырады.
Халық шаруашылығы (1945—1953 жылдары) IV бесжылдық жылдарында (соғыстан кейінгі бірініші бесжылдық 1946—1950 жылдары) капиталистік елдермен әскери текетірес жағдайында И.В.Сталин халық шаруашылығы үшін аса қажетті төрт бағытты атап көрсетті: металл — қару-жарақ және кәсіпкерлерге арналған құрал-жабдықтар шығару үшін; жанармай-отын — зауыт, фабрикалар мен транспорттың қызметін қамтамасыз ету үшін; мақта — әскерлерге киім-кешек шығару үшін; астық — әскерді азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін.
1947 жылдың желтоқсанында КСРО министрлер Кеңесі мен ҚК(б)П ОК-нің «Ақша реформасын өткізу және өнеркәсіп, азық-түлік тауарларына карточканы жою туралы» қаулысы шықты. Нәтижесінде ашық саудаға көшіп, бірыңғай мемлекеттік бөлшек сауда бағалары белгіленді. Тұтыну тауарларының тапшылығы жағдайында, жеңіл өнеркәсіпті шұғыл дамытуға бағытталған шараларға қарамастан «Б» тобының салаларында жағдай өте нашар күйде қалды. 1950 жылы республикада бар болғаны 65 жеңіл өнеркәсіп орны болды.
1951 жылдың 15—18 желтоқсанында Қазақстан Коммунистік партиясының кезекті V съезі болып өтті. Съезде шаруашылық және мәдени құрылыстар саласында бірқатар кемшіліктер жіберілгендігі анықталды. Ж.Шаяхметов ҚК(б)П ОК-нің Бірінші хатшысы болып қайта сайланды. Тың эпопеясы. Сталин қайтыс болғаннан кейін (1953 жылы 1 нayрыз) жеке басқа табынуға карсы науқан басталды. 1954 жылдың 5-6 ақпанында өткен Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің пленумында Ж.Шаяхметов хатшылық қызметтен босатылды.
Тың көтерілгенге дейін Қазақстан мемлекетке 1,3—1,5 млн т, жақсы шыққан жылдары 2 млн т астық берсе, 70-жылдары орташа жылдық норма 14 млн т болды, оның 6-7 т-ын ғана республика өз қажетіне жүмсай алды. Тың игергеннен бері республика күріш те өсіре бастады Астық сапасы біртіндеп жақсарды. Қазақстандағы ауыл шаруашылығы ғылымының дамуы өз әсерін тигізді. Шортандыдағы астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының қызметі жемісті нәтиже бергені белгілі. Бұл институтты көп жылдар бойы академик А.И.Бараев басқарды. Қазақстанның селекционерлері астық дақылдарының құрғақшылыққа және аязға тәзімді сорттарын көптеі шығарды.
Тың игеру Қазақстанның өндіргіш күштерін дамыту мәселесіндегі қарама-қайшылықтарды шиеленістіре түсті. Тың игеруге өте көп мөлшерде материалдық және қаржы қоры жұмсалды. Республика 1954 — 1956 жылдары көптеген тракторлар мен астық комбайндарын, жүк таситын және арнаулы машиналар, электр станцияларын, трактоp соқаларын, дәнсепкіштер сатып алды. 1954—1958 жылдары мемлекет ауыл шаруашылығын механикаландыру, өндірістік құрылыс мекемелерін салу үшін 9,7 млрд сомнан астам қаржы жұмсады. Соның нәтижесінде тың жердің өндірістік инфрақұрылымы республиканың өзге аймағына қарағанда қарқынды дамыды. Қазақстанның оңтүстік және батыс облыстары бұл салада қысым көрді. Бұл жақта өндіргіш күштер тапшылығы өсті, әлеуметтік-экономикалық жағынан да тың игерілген аудандардан артта қалушылық байқалды.
Өндірісті басқарудың тетіктерін жақсарту мақсатында Коммунистік партия 1957 жылдың ақпанында басқарудың салалық емес, аумақтық принципіне көшті. Қазақстанда төмендегідей Халық шаруашылығы кеңестері (ХШК) құрылды: Алматы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Семей, Қостанай, Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Гурьев. ХШК бұрынғы әдіспен жұмыс істеуді жалғастырды. Мекеме басшылары мен еңбекшілер орталықтан басқару әдісіне бой үйретіп үлгерген еді. Ауыл шаруашылығын Көтеру арқылы халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту мөселесін партия өз басшылығына алды. Бұл үшін КОКП үлкен-үлкен үш ауқымды бағдарламаны алға ұсынды: тың игеруді одан өрі жалғастыру; жүгері мен басқа да мәдени егіс түрлерін кеңінен өсіру; ет пен сүт өнімдерін молайту мақсатында мал шаруашылығын өркендетудің аса ауқымды бағдарламасын қолға алу.
1957 жылғы қыркүйектен — 1960 жылғы қаңтарға дейін республика партия ұйымын Н.И.Беляев басқарды. КОКП ОК-нің Пленумы (1958 жылы ақпан) машина-трактор станцияларын таратын, техникасын ұжымшарларға сатқан дұрыс деп тапты. Қазақстан ұжымшарлары мемлекеттен трактор, комбайн, т.б. ауыл шаруашылығы техникаларын — барлығы 160 млн сомға сатып алуға мәжбүр болды. Ал бұл техникалардың басым көпшілігі тозып біткен болатын, Беляевтің тұсында тың өлкесін құру дайындығы аяқталды.
Қазақстан 1960—1980 жылдарда. 1959 жылдың 14-15 қаңтарында өткен ҚК(б)П-ньң ІХ съезі КСРО-ның 1959—1965 жылдарға арналған халық шаруашылығын өркендетудің жетіжылдық жоспарынын жобасын талқылауға арналды. 1960 жылы 19 каңтарда Қазақстан компартиясы ОК-нің пленумы өтті. Д.А.Қонаев ҚК(б)П ОК-нің бірінші хатшысы болып сайланды. 1960 жылдың 10—12 наурызында ҚКП-ның X съезі өтті. Съезде жетіжылдық жоспарды мерзімінен бұрьш орындаудың іс-шаралары анықталды. Қазақстан Компартиясы ОК-нің Бірінші хатшысы болып тағы да Д.А.Қонаев сайланды. КОКП-ның жаңа Бағдарламасы — коммунистік қоғам орнату бағдарламасын қабылдауды міндетіне алған КОКП-ның 1961 жылдың 17—31 қазаны аралығында өткен XXII съезі карсаңында Қазақстанда партияның XI съезі (27—29 қыркүйек) ашылды. Партия Жарғысына сәйкес аталмыш съезден соң әр бес жыл сайын съезд өтіп отырды.
Екі жылдан кейін, яғни 1964 жылдың караша айында өткен КОКП ОК-нің Пленумы партияны аумақтық-өндірістік белгілер бойынша қайта құру кағидаларын мақұлдады. Нақтылап айтсақ, бұл шара партия басшылығының өзгеруіне байланысты жүргізілді. 1964 Жылдың қазанында Н.С.Хрущев басшылықтан кетті де, оның орнына әуелі бірінші хатшы, ал 1966 жылдан бастап КОКП ОК-нің Бас хатшысы болып Л.И.Брежнев сайланды. Бұл орында ол 1982 жылға дейін отырды.
60-жылдардың ортасындағы шаруашылық реформасы. Л.И.Брежневтің тұсында елде реформа жүргізу әрекеті байқалды. Экономика саласында 60-жылдардың ортасында халық шаруашылығы экономикалық тиімділік пен жоспарлаудың жаңа жүйесіне көшуді колға ала бастады. Ендігіде өндіріс орындарындағы жұмыстың негізгі көрсеткіші өндірген өнімнің жалпы мөлшерімен емес, керісінше, оны қаншалықты дәрежеде өткізе білудің әдіс-тәсілімен өлшенетін болды. Халық шаруашылығы кеңесі таратылып, Орталық өндірістік министрліктер қайта қалпына келтірілді. Өндіріс мекемелерінің басы- байлылығы көзделіп, міндетті түрдегі экономикалық көрсеткіштердің енны мейлінше қысқартылды. Оның есесіне өндірілген өнімнің бағасын Баға жөніндегі мемлекеттік комитет белгілеп отырды. Ал мемлекеттік жабдықтаудың құрылуы жоғарыда айтып өткен өндіріс мекемелерінің Пасыбайлылығына қарама-карсы әсер етті. Кеңестік экономикалық ғылымда, шындап келгенде, «Жеке меншіктің социалистік түрі» деген ұғым шындап колға алынған емес. Халықтық жеке меншікті иемдену құқығы Коммунистік партия басшылығындағы мемлекет қолында болды. Сондықтан да XX ғасырдың 60-жылдарындағы реформалар басталмай жатып аяқсыз қалды. Ал республикамыз партияның орталық органдары белгілеген шешімдер шеңберінде шектелді.
1977 жылғы 7 қазанда КСРО-ның Жоғарғы Кеңесі жаңа Конституцияны бекітті, ол 1936 жылғы Конституцияның орнына келді. Конституцияда ел «социализмнің дамуы» сатысына көтерілді деп қорытынды жасалды. Бұл жаңа термин 80-жылдардың басында «коммунизмге өту» идеясын кемсітушілік жағдайында енгізілген.
Конституцияда КОКП-ның басқарушы және бағыттаушы рөлі бекітілді (6-бап), мәдениет пен спорт саласында қоғамдық ұйымдардың да рөлі арта түсті.
Д.А.Қонаевтың басшылығымен қазақтар партияның да, өкіметтің де жетекшілік қызметтеріне көптеп тартыла бастады. Сол кездерде сан жағынан орыстардың жергілікті кадрлардан басымдығы бұрынғыдай, емес азая бастады. Бұл әсіресе 1971 жылдан кейін, Д.А.Қонаев партияның Саяси бюросының толық мүшесі болып сайланғаннан кейін күшейе түсті.
Бүгінде, Кеңес өкіметі кезіндегі республика партия қызметкерлерінің қызметіне талдау жасай отырып, мынадай қорытынды жасауға болады. Орталықтың қысымына қарамастан, республика басшылығы Қазақстанды қандай жағдайда да дамыта түсуге ұмтылды. 1960—1970 жылдары Қазақстанда өнеркәсіптік сипаттағы ғана емес, мәдени-тұрмыстық саладағы да құрылыстар мен объектілерді салу қарқынды жүрді. Бұлар — Медеу спорт кешені, Қазақстан қалаларындағы шағын тұрғын аудандар, мәдениет сарайлары, ірі әмбебап дүкендер, т.б. көптеген құрылыстар. Бұл кезеңде құрылған экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени құрылым кейінгі кезде Тәуелсіз Қазақстанның күш алып кетуіне негіз болды.
XX ғасырдың 70—80-жылдарындағы социалистік экономиканың дамуы. 1970—1980 жылдарда өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында өсу қарқынының баяулауы байқалды. Ал сырт көзге осіресе 70-жылдары өнеркәсіптің дамуы өте қарқынды болып көрінді. Қазақстан түсті металлургияның негізгі базасы болып есептелді, кең байтақ елде жылу-энергетикалық кешен қалыптасты, химия саласы ұлғайды, қара металлургия өсе түсті. Кен байыту секторы айтарлықтай ілгеріледі, жоғары технологиялық өнім өндіру, керісінше, жоққа тән еді.