Құмадыр – Сарыарқаның орталық бөлігіндегі тау.

Географиялық орны Қарағанды облысы Абай ауданында, Шерубайнұра бөгенінен 10 км жерде орналасқан. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай 8-10 км-ге созылып жатыр, ені 1-2 км, абсолюттік биіктігі 612 м.

Геологиялық құрылымы Ордовик жыныстарынан түзілген. Беткейлері жайдақ, аз тілімделген, оңтүстік-батыс бөлігінде Қосадыр шоқысына қосылады.

Өсімдігі Қызыл қоңыр топырағында жусан, көде, бетеге өседі. Таудың бөктерінен көптеген бұлақтар басталады.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Абай ауданы (Қарағанды облысы) таулары