Владимир Михайлович Шабалин (1939-1987), маркшейдер, кәсіподақ, кеңес қызметкері.

Украинадағы Лисичанск тау-кен техникумын бітірген (1959). 1959-1974 жылдары Жезқазған кен-металлургия комбинатының «Покро» шахтасында кең қыртысының жатысын қағаз бетіне түсіруші, №51 шахтасында учаске маркшейдері, комсомол, кәсіподақ қызметкері. 1974-76 жылдары Жезқазған облыстық партия комитетінің әкімшілік және қаражат-сауда орындары бөлімінің меңгерушісі. 1976-1978 жылдары Қаражал қалалық кеңес атқару комитетінің төрағасы. 1978-1986 жылдары Қаражал қалалық партия комитетінің 1-хатшысы. 1986-1987 жылдары Жезқазған облыстык кәсіподақтар кеңесінің төрағасы болды.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Дереккөздер

Санат:1939 жылы туғандар Санат:1987 жылы қайтыс болғандар Санат:Лисичанск тау-кен техникумы түлектері Санат:Қаражал қалалық кеңесінің төрағалары Санат:Қаражал партия комитетінің бірінші хатшылары