Цезарь Маркович Фишман (Мейерович) (1911-1964) - геолог, Қарағанды көмір бассейніндегі кокстелетін Тентек көмірлі ауданынын алғаш ашушылардын бірі.

Өмірбаяны Днепропетровск тау-кен институтын бітірген (1939). Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1945-1948 жылдары «Укрбуруглеразведка» тресі (Днепропетровск қаласы.) бастығының орынбасары. 1948-49 ж. Қарағанды көмір экспедициясының бастығы. 1949-1963 жылдары Қарағанды геологогия баскармасының бастығы болды.

Марапаттары 2-дәрежелі Отан соғысы; «Құрмет Белгісі» ордендерімен марапатталған.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Дереккөздер

Санат:Қазақстан геологтары Санат:Днепр политехника Ұлттық техникалық университеті түлектері Санат:Ұлы Отан соғысының қатысушылары Санат:Қарағанды тұлғалары