Шажағай – Шу алабындағы өзен.

Географиялық орны Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы жерімен өтеді. Ұзындығы 129 км. Су жинайтын алқабы 2110 км2.

Бастауы Ақтау, Желдітау шоқыларынан бастау алып, Елшібай тауынан оңтүстікте 3,8 км жерде тартылып қалады.

Гидрологиясы Аңғары адырлы, бұйратты жазықты, ені 1-2 км, кей жерінде 68 км, арнасы кең. Жауын-шашын суынан толысады. Сәуір-мамырда тасып, маусымда суы тартылып, иірім қарасуларға бөлінеді. Суы тұщы, жазда сәл кермек. Жылдық орташа су шығыны сағасынан 45 км жерде секундына 0,25 м3. Суы ауыз суға, мал суаруға пайдаланылады.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Дереккөздер

Санат:Шу су алабы Санат:Жаңаарқа ауданы өзендері