Әбдікеров Рысқали Қалиақбарұлы (1959 жылы 12 маусымда Қарағанды облысы Ағадыр ауданының «Успенский» кеңшарында туған) - Қарағанды облысынан сайланған Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты (2017 жылдан бері).

Өмірбаяны Қазақ. Арғын тайпасы, Қаракесек руының Керней бұтағынан шыққан.Керней шежіресі, Төрехан Майбас, Қарағанды, Болашақ-Баспа 2005, 360 б, Тираж 1000, ISBN 9965-528-85-3

Қарағанды мемлекеттік университетін (1981) тарихшы, тарих және қоғамтану пәндерінің оқытушысы мамандығы бойынша; Алматы саясаттану және басқару институтын (1991) саясаттанушы мамандығы бойынша бітірген.

1981 жылдың шілдесінен - Жезқазған облысы Ағадыр ауданының Босаға ОМ мұғалімі.

1981 жылдың желтоқсанынан - Қазақстан ЛКЖО Ағадыр аудандық комитеті ұйымдастыру бөлімінің нұсқаушысы.

1983 жылдың наурызынан - Жезқазған облысы Қазақстан ЛКЖО облыстық комитетінің нұсқаушысы.

1983 жылдың маусымынан - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте.

1985 жылдың қаңтарынан - Жезқазған облыстық партия комитеті Марксизм-ленинизм университетінің деканы.

1985 жылдың қарашасынан - Қазақстан ЛКЖО Жезді аудандық комитетінің бірінші хатшысы.

1989 жылдан - Алматы саясаттану және басқару институтының тыңдаушысы.

1991 жылдан - Жезқазған облысы Ағадыр аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары.

1992 жылдан - Жезқазған облысы Ағадыр аудандық әкімшілігі басшысының орынбасары, әкімнің орынбасары.

1997 жылдан - Қарағанды облысы Шет ауданы әкімінің бірінші орынбасары, әкімнің орынбасары.

2001 жылдан - Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының әкімі.

2005 жылдан - Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары.

2006 жылдан - Қарағанды облысы Ұлытау ауданының әкімі.

2007 жылдан - Қарағанды облысы Шет ауданының әкімі.

2008 жылдан - Қарағанды облысы әкімінің орынбасары“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9.

2009-2016 жылдары Қарағанды облысының Осакаров және Шет аудандарында әкім болып қызмет етті.

2016-2017 жылдары Қарағанды облыстық мәслихатының хатшысы болды.

2017 жылдан бастап – Қарағанды облысынан сайланған Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты.

«Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен (2009) марапатталған.

Дереккөздер

Санат:Шет ауданында туғандар Санат:Қазақстан Парламенті Сенатының депутаттары