Шермағанбет Мейрамбек Зинабдинұлы - Қызылорда облысы әкімінің орынбасары. 1972 жылы 25 желтоқсанда Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Кеңес ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Әкесі - Шермағанбетов Зинабдин №3 мектеп-интернаттың, № 239 және 54 мектептерінің директоры, аудандық халыққа білім беру бөлімінің меңгерушісі, Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған. Анасы - Сапабекова Зорегүл, зейнеткер, ағылшын тілінің мұғалімі, мектеп директоры болып жұмыс істеген. Мейрамбет Шермағанбет Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін (1994 ж.) «тарих», «экономика», Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-түрік университетін (2000 ж.) «құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген. Еңбек жолын 1994 жылы Жаңақорған ауданындағы №239 мектептің тарих пәнінің мұғалімі болып бастаған.

1994 жылы - №239 орта мектебінің мұғалімі (Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Кеңес ауылы). 1995 жылы - №163 орта мектебінің мұғалімі, директорының орынбасары (Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы). 2000 жылы - Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы әкімі аппаратының жетекшісі, ұйымдастыру-кадр жұмысы бөлімінің меңгерушісі. 2001-2016 жылдары Жаңақорған ауданы әкімі аппаратының басшысы, облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары, облыстық білім беру, тілдерді дамыту жөніндегі басқармалардың басшысы, Қызылорда облысы бойынша білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы. 2016-2021 жылдары Ақтөбе облысы, Қобда ауданының әкімі, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары. 2022-2023 жылдары Қызылорда облысының білім басқармасының басшысы. 2023-2024 жылдары Қызылорда облысы әкімінің орынбасары. 2024 жылдың ақпан айынан бастап Қызылорда облысы, Қазалы ауданы әкімі қызметін атқарып келді. 2025 жылдың 28 шілдесінен бастап Қызылорда облысы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.

Үйленген. Жұбайы - Жарылқағанова Гүлнәр Боранбайқызы, экономист-бухгалтер. Қыздары - Шермағанбет Әзиза Мейрамбекқызы (1995 жылы туған); Зинабдин Елдана Мейрамбекқызы (1998 жылы туған); ұлы - Зинабдин Бакдәулет Мейрамбекұлы (2005 жылы туған).

Санат:Тұлғалар Санат:Білім