Велорий Викторович Пак (26 мамыр, 1951 жыл, Қызылорда қаласы) - ауыр атлет, жаттықтырушы. Корей.
Білімі Қазақ мемлекеттік дене шынықтыру институтының спорт факультетін бітірген (1973), ауыр атлетика бойынша жаттықтырушы-оқытушы. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің құрметті профессоры (2005 жылдан).
Еңбек жолы 1973 жылдың шілде айынан - Қызылорда қаласының 113-МКТУ дене тәрбиесі жөніндегі жетекшісі. 1974 жылдың қараша айынан - «Еңбек резервтері» БЕСҚ Қызылорда облыстық кеңесі төрағасының орынбасары. 1984 жылдан - Қызылорда облыстық БЖСМ оқу бөлімінің меңгерушісі. 1987 жылдан - Қызылорда облыстық ауыр атлетикадан аға жаттықтырушы. 2001 жылдан - ҚР жасөспірімдер құрама командасының ауыр атлетикадан аға жаттықтырушысы. 2005 жылдың қаңтар айынан бері - ҚР ауыр атлетика бойынша аға жаттықтырушысы.
Жетістіктері «Құрмет» (2005) «Парасат» (2008) ордендерімен марапатталған. Ауыр атлетикадан Қаз КСР бірнеше мәрте чемпионы және рекордшысы. Ауыр атлетикадан КСРО спорт шебері (1971). КСРО дене шынықтыру және спорт саласының озаты (1983). Қызылорда облысы Сырдария ауданының құрметті азаматы (2005) Қызылорда қаласының құрметті азаматы (2008). ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы (1996). ҚР Құрметті спорт қайраткері (2005).
Шәкірттері Ауыр атлетикадан XXIX Олимпиада ойындарының чемпионы (Пекин, 2008) И. Ильинді; әлем чемпионаттарының жүлдегері (2005, 2006, 2007) Р. Русеновскийді; Әлем чемпионатының қола жүлдегері (2006) К. Рахановты; Азия чемпионы (2008) А. Өтешевті; Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы, Орталық Азия ойындарының чемпионы әрі рекордшысы Шин Олегті; ТМД Спартакиадасының қола жүлдегері Радаев Сергейді және басқаларды тәрбиелеген.
Отбасы Әкесі - Пак Виктор Михайлович, марқұм. Анасы - Тен Лилия Петровна, зейнеткер. Үйленген. Жұбайы - Ким Татьяна Сергеевна (1949 жылы туған), зейнеткер. Ұлы - Пак Александр (1974 жылы туған), дәрігер; қызы - Пак Марина (1978 жылы туған), экономист.Қазақстан Республикасында Кімнің Кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалығы. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2
Дереккөздер
Санат:Қазақстан корейлері Санат:Қазақ спорт және туризм академиясы түлектері Санат:Қазақстан ауыр атлетикасы бойынша жаттықтырушылар Санат:Қазақстанның ауыр атлетикадан чемпиондары Санат:КСРО спорт шеберлері Санат:КСРО дене шынықтыру жәнө спорт саласының үздіктері Санат:Сырдария ауданының (Қызылорда облысы) құрметті азаматтары Санат:Қызылорданың құрметті азаматтары Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушылары Санат:Қазақстанның құрметті спорт қайраткерлері Санат:Ауыр атлетикадан жаттықтырушылар Санат:Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің құрметті професорлары