Вадим Александрович Псарев (23.10.1936, УКСР Харьков - 12.01.2019, Алматы) - Дене шынықтыру институтының құрметті профессоры (1998 жылдан). Орыс.
Өмірбаяны 1958 жылдан - «Еңбек» қоғамының жаттықтырушысы. 1961 жылдан - спорттық шеберлік мектебінің, қалалық спорт мектебінің, Республикалық спорттық шеберлік жоғары мектебінің жаттықтырушысы. 1973 жылдан- ІІМ Ішкі әскери қызметінде, спорттық нұсқаушы (КСРО ІІМ подполковнигі).
1991 жылдан - зейнеткер.
Классикалық күрестен Қаз КСР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы (1965). Классикалық күрестен КСРО Еңбек сіңірген жаттықтырушысы (1969).
Қаз КСР Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері (1976).
Олимпиада чемпиондары Ж. Үшкемпіровты, В.Г. Резанцевті; Олимпиада ойындарының күміс жүлдегерлері В.Н. Бакулинді, А.И. Назаренконы тәрбиелеп шығарған.
Оның түлектері жалпы алғанда әлем чемпионаттарында, Еуропа, КСРО чемпионаттарында және Олимпиада ойындарында 100 медальды жеңіп алған. Марапаттары «Құрмет белгісі» (1970), Халықтар достығы (1976), Еңбек Қызыл Ту (1980), «Парасат» (2001) ордендерімен, Қаз КСР Жоғары Кеңесінің Құрмет грамотасымен және грамотасымен марапатталған (1976).
Отбасы Әкесі - Псарев Александр Анисимович, марқұм. Анасы - Топольницкая Клавдия Гаврииловна, марқұм. Қазақ дене шынықтыру институтын бітірген (1959), жаттықтырушы-оқытушы. Әскери атағы - отставкадағы КСРО ІІБ подполковнигі. Үйленген. Жұбайы - Псарева Ирина Иосифовна (1939 жылы туған), зейнеткер. ұлы - Псарев Олег Вадимович (1962 жылы туған). Немерелері - Виктория, Елена.Қазақстан Республикасында Кімнің Кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалықаласы Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2
Дереккөздер
Санат:КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушылары Санат:КСРО спорт шеберлері Санат:Парасат орденінің иегерлері Санат:Еңбек Қызыл Туы орденінің иегерлері Санат:Халықтар Достығы орденінің иегерлері Санат:Құрмет Белгісі орденінің иегерлері Санат:КСРО балуандары Санат:КСРО-ның күрес жаттықтырушылары Санат:Қазақстанның күрес жаттықтырушылары Санат:КСРО-ның күрес төрешілері Санат:Бүкілодақтық санаттағы төрешілер Санат:FILA Даңқ залының мүшелері Санат:Қазақ мемлекеттік дене шынықтыру, спорт және туризм академиясының түлектері Санат:Қазақ мемлекеттік дене шынықтыру, спорт және туризм академиясының оқытушылары Санат:Алматы Орталық зиратында жерленгендер