Шайзында Жанәділұлы Жанәділов (1945 жылы туған, Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы) – медицина ғылымдарының докторы (1993).

Өмірбаяны Ақмола медицина институтын (1969, қазіргі Астана мемлекеттік медицина академиясы) бітірген. КСРО Ғылым Академиясы (Мәскеу) Еңбек гигиенасы ғылыми-зерттеу институтында (1969–72) аспирант Целиноград мемлекеттік медицина институтында ассистент (1973–74, қазіргі Астана мемлекеттік медицина университеті) Талдықорған педагогикалық институтында доцент, кафедра меңгерушісі (1974–83) Алматы мемлекттік медицина институты Шымкент қаласындағы бөлімшесінің доценті (1983–85), кафедра меңгерушісі (1996) болды. 1997 жылдан Семей мемлекеттік медицина академиясының кафедра меңгерушісі.

Ғылыми еңбектері Жанәділов 76 ғылыми-зерттеу еңбектің, 5 авторлық куәліктің авторы.

Дереккөздер

Санат:1945 жылы туғандар Санат:Сарыағаш ауданында туғандар Санат:Қазақстан дәрігерлері Санат:Медицина ғылымдарының докторлары