Базиля Көкенқызы Әбділманова - 1941 жылы 14 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Мақаншы ауданының Кировка ауылында туған. Қазақ. Әкесі - Әділбаев Көкен, ҰОС қатысқан, 1943 жылда қаза болған. Анасы - Әділбаева Кенжехан (1917-1986), ұжымшарда жұмыс істеген. Ремей жеңіл өнеркәсіп техникумын (1962) техник-технолог мамандығы бойынша; Жамбыл технологиялық институтының тігін өндірісініңтехнологиясы факультетін (1969) инженер-технолог мамандығы бойынша; Мәскеу тоқыма институтының экономика және өнеркәсіпті ұйымдастыру факультетін (1979) инженер-экономист мамандығы бойынша бітірген. Қазақ және орыс тілдерін біледі. «Нұр Отан» ХДП мүшесі (2005 жылдан). 1958 жылдың мамырынан тамыз айына дейін - Семей аяқ киім фабрикасының жұмысшысы. 1962 жылдан - «Рассвет» Өскемен тігін фабрикасының ақаушысы. 1963 жылдан - «Большевичка» Өскемен тігін фирмасының ақаушысы. 1968 жылдан - Н.К. Крупская атындағы Семей жеке тігу тігін фабрикасының бухгалтері. 1969 жылдан - №6 Семей тігін ательесінің меңгерушісі. 1976 жылдан - «Қазақстан» фирмасы Алматы филиалының бастығы. 1984 жылдан - ҚазКСР Халыққа тұрмыстық қызмет көрсету министрлігі тігін және тоқыма бұйымдарын тігу және жөндеу басқармасы бастығының орынбасары (Алматы қ.). 1986 жылдан бері - Республикалық модельдер үйінің директоры (Алматы қ.). Аудандық және қалалық (Алматы қ.) халық депутаттары кеңестерінің 3-ші шақырылымының депутаты (1980-1989). Қазақстан Компартиясының Алматы қаласы Фрунзе аудандық партия комитетінің мүшесі. XXXIII партия конференциясының делегаты (1980). Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығының, Қазақстан Кәсіпкерлерінің тәуелсіз қауымдастығының, Алматы қаласының Экономикалық палатасының, «Атамекен» одағы» ҚҰЭП мүшесі. «Еңбек ардагері» (1988), «Еңбектегі ерлігі үшін» (1991) медальдарымен марапатталған. Тұрмыстық қызмет саласының озаты (1988). Қазақстанның Еңбек сіңірген қызметкері (1998).

Діни көзқарасы - діндар. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - М. Тэтчер. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Құқықтық және демократиялық мемлекет». Хоббиі - тауға жаяу шығу, туризм, үлгілер жасау және бұйымдар тігу. Сүйіп оқитын әдебиеті - тарихи кітаптар.

Тұрмыс құрған. Жұбайы - Әбділманов Мейірхан Төлеуғазыұлы (1940 жылы туған), зейнеткер. Қызы - Әбділманова Жанат (1964 жылы туған); ұлдары - Әбділманов Марат (1967 жылы туған), Әбділманов Қанат (1974 жылы туған). 2 немересі бар.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2

Дереккөздер