Диқанбай Дұржанұлы Биткөзов (14 мамыр 1941, Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Жеңіс ауылы) — Самбодан Қазақ КСР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы (1980).
Қазақ мемлекеттік дене шынықтыру институтын тәмамдаған.
Шәкірттері
Самбодан әлем чемпионы (1984) - Қанат Байшолақов; Әлем кубогының жеңімпазы (1985) Талғат Байшолақов; Самбо мен дзюдодан ҚР халықаралық кластағы спорт шебері және Әлем кубогының жеңімпазы Сергей Волобуев; Қазақ күресінен екі дүркін Әлем чемпионы (2019, 2025) - Айдос Ғалымов; Әлем кубогының жеңімпазы (1992), Азия чемпионы (1992) Айбатыр Махмұтов; Қазақ күресінен Азия чемпионы (2007) Медет Исақов; Қазақша күресінен Әлем және Азия чемпионаттарының қола жүлдегерлері (2008) Мақсат Ахметбеков пен Дәулет Исақов, т.б.;
Сондай-ақ, КСРО және ҚР 150-ден астам спорт шеберін дайындауға қатысқан.
Марапаттары
Еңбек Қызыл Ту ордені (1982); Еңбек ардагері медалі; ҚР дене тәрбиесі мен спортын дамытудағы еңбегі үшін Құрмет белгісі (2001); ҚР Еңбек сіңірген мұғалімі; Мәдениет қайраткері.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2
Дереккөздер
Санат:14 мамырда туғандар Санат:1941 жылы туғандар Санат:Жаңаарқа ауданында туғандар Санат:Қазақ спорт және туризм академиясы түлектері Санат:Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген жаттықтырушылары Санат:Еңбек Қызыл Туы орденінің иегерлері Санат:Еңбек ардагері медалінің иегерлері Санат:Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мүғалімдері Санат:Қазақстан мәдениет қайраткерлері Санат:Қазақстан самбо жаттықтырушылары