Береке Көшенов (12 маусым, 1949 жыл, Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Ералиев ауылында туған) - әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі.

Өмірбаяны Әкесі - Ертісбаев Көшен. Шешесі - Ертісбаева Талжан. Қарағанды облысындағы Қарқаралы мал дәрігерлік техникумының мал дәрігерлік факультетін бітірген (1971), ветеринарлық фельдшер. 1966-1967 жылдары - Жаңаарқа ауданы Карл Маркс атындағы кеңшары шопанының көмекшісі. 1968 жылдан Қарағанды облысы Қарқаралы ветеринарлық техникумының студенті. 1971 жылдан - Жаңаарқа ауданы Карл Маркс атындағы кеңшарының №3 бөлімшесінің ветеринарлық санитары. 1972 жылдан - Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Қызылжар ветеринарлық учаскесінің ветеринарлық фельдшері. 1975 жылдан бері - Т. Қалмағанбетов атындағы Жезқазған филармониясының әртіс-вокалисі.

Шығармалары Кітаптары «Әнге ғашық жүрек» (1994) «Көңілімнен ұшады кептер өлең» (1996) «Жырлайды жүрек» (2009) Мақалалары «Өнердің ақтангері» «Өнер өлкесінің «Жезкиігі» «Киелі өнер шаңырағы» «Күй ғұмыр» «Үлкен дарын иесі» «Төрт бөлмеге сыймаймыз» «Өнердегі өрнек» «Саналы ғұмырын өнерге арнаған, тегінде бар тек қалмайды»

Жетістіктері мен марапаттары

Бүкілодақтық халық шығармашылығы фестивалінің (1977) лауреаты Қарағанды облысы әкімінің «Жыл вокалисі» номинациясы бойынша сыйлығының лауреаты; «Алтын қобыз» иегері (2007). Жезқазған қаласының Құрметті азаматы (2004). Жыл қорытындысы бойынша облыстық мәдениет департаментінің «Өнер тарланы» (2005), «Ең үздік әнші» (2006) номинацияларында жеңімпаз. ҚР Еңбек сіңірген әртісі (1998). «Ерен еңбегі үшін» (2009) медалі.

Отбасы Үйленген. Жұбайы - Жаңатаева Ұмсын (1950 ж. т.), Жезқазған қаласындағы №22 орта мектептің мұғалімі. Қыздары - Көшенова Әсем Берекеқызы (1972 ж. т.), Көшенова Ақнұр Берекеқызы (1981 ж. т.); Ұлы - Көшенов Медет Бөрекеұлы (1985 ж. т.).Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:12 маусымда туғандар Санат:1949 жылы туғандар Санат:Жаңаарқа ауданында туғандар Санат:Қазақстан әншілері Санат:Қарқаралы мал дәрігерлік техникумы түлектері Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген әртістері Санат:Жезқазғанның құрметті азаматтары Санат:Ерен еңбегі үшін медалінің (Қазақстан) иегерлері