Дәмеш Әмірханқызы Ермекова-Жүргенова (1905-1990), дәрігер, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген дәрігері (1966).
Орта Азия мемлекеттік университетініңмедицина факультетін бітірген (1929). 1929-1933 жылдары Ташкент медициналық институтында оқытушы. 1938-1946 жылдары «халық жауының» жары ретінде Карлагтаотырған. Ермекова-Жүргенова ақталып келгеннен кейін 1956-1973 жылдары Алматы медициналық институтында оқытушы болады. Жұбайы Темірбек Қараұлы Жүргеновтің (Мемлекеттік қайраткер, Қазақстан халық ағарту комиссары) ақталуына, шындықтын орнауына көп еңбек сіңірді.
Алматы қаласының құрметті азаматы (1982).Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Дереккөздер
Санат:1905 жылы туғандар Санат:1990 жылы қайтыс болғандар Санат:Қазақстан дәрігерлері Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Санат:Саяси қуғын-сүргін құрбандары