Әлия Мақсұтқызы Жүсіпова (15 мамыр 1984 жыл, Шымкент Түркістан облысы) - Көркем гимнастика спорт шебері. Осы спорттан Олимпиадаға Қазақстаннан жалғыз жолдаманың иегері.

2010 жылдан бері - көркем гимнастикадан ҚР құрама командасының аға жаттықтырушысы. Дүниежүзілік дәрежедегі төреші.

Жетістіктері ҚР 10 мәрте чемпионы және көркем гимнастика бойынша халықаралық турнирлердің қатысушысы; Әлем кубогының, XIV Азия ойындарының күміс жүлдегері; Азия (2006, 2009) және Азия ойындарының (2006) абсолютты чемпионы; Сиднейдегі (2000), Афиндағы - 4-орын (2004), Пекиндегі - 5-орын - Олимпиада ойындарына қатысқан. ҚР үздік спортшысы (2004). ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері (2006). Дүниежүзілік кластағы гимнаст (2008). Түркістан облысының Құрметті азаматшасы (2004). «Құрмет» орденімен (2004); «Ерен еңбегі үшін» медалімен (2004) марапатталған.

2006 жылғы Азия чемпионаты 2006 жылы Үндістанның Сурат қаласында көркем гимнастикадан Азия чемпионаты өткен еді. Әлия Жүсіпова Азия чемпионатының 5 бірдей алтын медалін жеңіп алды. Алғашқы алтынды көпсайыста алған ол доп, шығыршық, скакалка, лента секілді бағдарлама түрлерінің бәрінде де жеңімпаз болып шықты. Және бір атап өтетін жәйт – қазақ гимнасшы қыз Қазақстан көркем гимнастика тарихында алғаш рет Азияның абсолютті чемпионы атанды. thumb|right|200px

Жаттықтырушысы Әлия Жүсіпова Мәскеуде олимпиадашылар дайындайтын атақты Ирина Винердің тәлімінде жаттыққан.

Жанұясы

Әкесі - Жүсіпов Мақсұт Саидұлы (1956 жылы туған), запастағы ҰҚК полковнигі, Шымкент қаласы Әуесқойлар боксы ассоциациясының президенті. Анасы - Сарбаева Ася Кеңесбекқызы (1964 жылы туған), бухгалтер-экономист.

Жеке өмірі М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің дене тәрбиесі жәнө спорт факультетін (2006), жаттықтырушы-оқытушы; М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің магистратурасын «Психология және педагогика» мамандығы бойынша (2008) бітірген. Тұрмыс құрған. Жұбайы - Әлтаев Нұржан Бауыржанұлы, заңгер.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:15 мамырда туғандар Санат:1984 жылы туғандар Санат:Шымкентте туғандар Санат:Қазақстан әйелдері спортта Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шеберлері Санат:Халықаралық дәрежедегі төрешілер Санат:Қазақстан жаттықтырушылары Санат:Әлем біріншілігінің күміс жүлдегерлері Санат:Азия ойындарының күміс жүлдегерлері Санат:Түркістан облысының құрметті азаматтары Санат:Құрмет орденінің иегерлері Санат:Ерен еңбегі үшін медалінің (Қазақстан) иегерлері Санат:Алфавит бойынша гимнасттар Санат:Қазақстан гимнастары Санат:Гимнастикадан Азия чемпиондары Санат:Гимнастикадан Азия ойындары чемпиондары Санат:Қазақстанның Азия ойындары чемпиондары