Шайза Хабибуллақызы Ахметова (1948 жылдың 8 наурызында Семей облысы Жарма ауданы Георгиевка (қазіргі Қалбатау) ауылында туған) — актриса, Қазақ КСР халық әртісі, Қазақ КСР еңбек сіңірген әртісі, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл медалі.
Өмірбаяны Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік өнер институтының актерлік факультетін бітірген (1970).
1970 жылдан бері - М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында актриса.
Фильмографиясы М.Әуезов «Қара қыпшақ Қобыланды» (реж. Ә.Мәмбетов ) – Қарлыға, М. Әуезов «Қарагөз» (реж. Ә. Мәмбетов) – Қарагөз, М. Әуезов «Таңғы жаңғырык» (реж. Б. Омаров) – Қатша, Қ. Аманжолов «Досымның үйленуі» (реж. Ж. Омаров) – Насихат, Е. Домбаев «Біздің кластың қыздары» (реж. С. Асылханов) – Алма, Ж. Аймауытов «Ғашықтық дерт» (реж. Қ. Сүгірбеков) – Күнікей, Р. Мұқанова «Мәңгілік бала бейне» (реж. Б. Атабаев) – Ұзынқайша, Т. Нұрмағанбетов «Ескі үймен қоштасу» (реж. Ә. Рахимов) – Кексе әйел, А. Тасымбеков, Қ. Ысқақ «Кебенек киген арулар» (реж. Б. Атабаев) – Тұтқын әйел, М. Мақатаев «Қош, махаббат» (реж. Б. Атабаев) – Сәлима, О. Бодықов «Дала тұтқыны» (реж. Р. Сейтметов) – Айша, Қ. Бекхожин «Ұлан асуы» (реж. Қ. Жетпісбаев) – Қалмақтың қызы, Ш. Айтматов «Ана-Жер-ана» (реж. Ә. Мәмбетов) – Толғанай, У. Шекспир «Ричард ІІІ» (реж. А. Пашков) трагедиясында – Анна У. Шекспир «Кориолан» (реж. Ә. Мәмбетов) трагедиясында – Волумния, У. Шекспир «Асауға-тұсау» (реж. О.И. Пыжова, Б.В. Бибиков) – Катарина, М. Булгаков «Жендеттер» (реж. В. Мажурин) – Арманда Бежар, Е. Шварц «Қар ханым» (реж. Ә. Рахимов) – Қар ханым, Е. Шварц «Күл қыз, Күн қызы» (реж. С. Асылханов) – Өгей шеше, Г. Лорка «Бернарда Альбаның үйі» (реж. Р. Сейтметов) – Адела, Пиранделло «Өгей қыз» (реж. Р. Сейтметов) – Өгей қыз, С. Ахмад «Келіндер көтерілісі» (реж. Р. Сейтметов) – Мухойя, Шиллер «Генуядағы қастандық» (реж. Ф. Зольтер) – Джулия, Г. Гауптман «Ымырттағы махаббат» (реж. Р. Андриасян) – Паола, Б. Брехт «Тоғышардың тойы» (реж. Б. Атабаев) – Амели, Б. Жәкиев «Жүрейік жүрек ауыртпай» (реж. Е.Обаев) – Бәйбіше
Фильмография «Қан мен тер» – Бәйбіше (реж. Ә. Мәмбетов, 1979), «Қосымша сауалдар» – Райхан, «Адам факторы» – Маргарэт, «Мергендер» – Ана, «Толған ай» – Айша, «Сардар» – Дәмеш (реж. Б. Қалымбетов, 2002) «Талисман иноходца» - Жена (режиссер Васильев М.), «Перекресток» - Ситора, «Қызымхана» - Сырғатай және т.б фильмдерде негізгі рөлдерді сомдады.
Жеке өмірі Қазақ. Әкесі - Ахметов Хабибулла Мамақұлы, қызметкер, КОКП мүшесі, Ұлы Отан соғысының ардагері, Даңқ ордені, Қызыл жұлдыз, Отан соғысы, т.б. ордендердің иегері.
Анасы - Тымақбаева Масфура Нұрғалиқызы, үй шаруасымен айналысады.
Діни көзқарасы - мұсылман. Хоббиі - сөзжұмбақтар шешу, спортпен айналысу. Сүйіп оқитын әдебиеті - проза, классикалық әдеби шығармалар.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2
Дереккөздер
Санат:Қазақстан театр актрисалары Санат:Қазақстан халық әртістері Санат:Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры тұлғалары Санат:Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы түлектері