Фархат Нұрсұлтанұлы Әбдірайымов - Қазақстандық актер.
Өмірбаяны 1966 жылы 21 қаңтарда Алматы қаласында туған. Қазақ. Албан тайпасының Бозым руынан шыққан.
Алматы технологиялық университетінің технологиялық факультетін бітірген (1988), инженер-технолог.
1988 жылдан - «Турист» мейрамханасының директоры.
1999 жылдан бері - Ш. Айманов атындағы Қазақ кинофабрикасының (қазіргі Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ) актері.
Жеке өмірі Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін біледі.
«Нұр Отан» ХДП саяси кеңесі бюросының мүшесі (2007 жылдан).
Діни көзқарасы - мұсылман.
Хоббиі - бильярд, суда жүзу.
Сүйіп оқитын әдебиеті - В.Шукшин, С.Довлатов, А.П. Чехов, Ш.Айтматов.
Әкесі - Әбдірайымов Нұрсұлтан, марқұм. Анасы - Әбдірайымова Үміхан Мәмедқызы, зейнеткер, кеңестік сауда саласында жұмыс істеген.
Үйленген. Жұбайы - Әбдірайымова Виктория (1971 жылы туған),есепші. Ұлдары - Әбдірайымов Асан (1991 жылы туған), Әбдірайымов Темірлан (2002 жылы туған).Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2
Марапаттары мен атақтары ҚР Бильярд спорты федерациясының вице-президенті (2001 жылдан). ҚР Кинематографистер одағының мүшесі (2005 жылдан). ҚР Президентінің Құрмет грамотасымен марапатталған (2003). РФ «Үздік актер» кинобасылымының бас жүлдегері (1996). XXI Халықаралық кинофестивалінің «Святой Георгий Победоносец» Гран-при жүлдегері (Мәскеу, 1999). «Алтын Адам» сыйлығының «Жыл киножұлдызы» номинациясының иегері (2000).
Фильмографиясы 1996 – «Кімнің жаны нәзік болса» - Фархат 1996 – «Шанхай» - бандит 1997 – «Ақсуат» - эпизод 1997 – «Сиқырлы демеуші» - Теңбай 1998 – «Омпа» - толық жолаушы 1998 – «Француз құрбақаларынан жасалған сорпа» - Фархат 1999 – «Фара» - Фара 2005 – «Ежелгі бұлғарлардың дастаны» - эпизод 2005 – «Заставка» - есірткі бароны 2006 – «Жел-адам» - Хәкім 2007 – «Бір күні жүксалғышта» - Ахмедия 2008 – «Хоккайдо полициясы» - мафия бастығы 2010 – «А-ға оралу» - продюсер 2010 – «Қызғылт түсті қоян туралы хикая» - Жайбархан 2010 – «Махаббат тәлкегі» - жаттықтырушы 2010 – «Тасадағы махаббат» - Сергей 2010 – «Нағыз полковник» - Жандос 2011 – «Жан жүрегім – Астана!» - эпизод 2011 – «Уран дауылы» - эпизод 2012 – «Аңыздар кітабы: Жұмбақ орман» - жын 2013 – «Гейзер» - автосалын қожайыны 2013 – «Өзге ғаламшарлықтардың қатысы жоқ» - такси жүргізушісі 2013 – «Бір күні» - билет тексерушісі 2013 – «Параллельдік әлемдер» - жеміс-жидектер сатушысы 2014 – «Елес қуған сайыпқыран» - тұтқын 2015 – «Су перісіне арналған үй» - эпизод 2015 – «Рэкетир-2» - Мәке''
Дереккөздер
Санат:Қазақстан актерлері Санат:Кеңсай зиратында жерленгендер