Ләйля Ғалиқызы Ғалымжанова (22 қаңтарда 1924 жылы Қазақ АКСР Петропавл қаласында — 9 қазанда 2017 жылы Қазақстан Алматы) — театр және кино актері, қоғам қайраткері.

«Жоғары лауазым» (1958), «Кешкілік шеткері аймақ» (1961) көркем фильмдері сценарийлерінің; 10-ға жуық әңгіменің; 15 мақаланың авторы.

Өмірбаяны Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтының актерлік факультетін бітірген (1947).

1946 жылдан - Алматы қаласының ЖКТ актері; Алматы киноактерлер мектебінің дәріскері, Республикалық Халық шығармашылығы үйінің аға әдістемешісі, көркем жетекшісі. 1954 жылдан - Алматы қалалық мәдениет бөлімінің инспекторы, Алматы көркем және хроникалық фильмдер киностудиясындағы сценарий белімінің аға редакторы 1958 жылдан - Алматы телевизия студиясының бас режиссері. 1959 жылдан - ҚазКСР мәдениет министрінің орынбасары. 1961 жылдан - ҚазКСР мәдениет министрі. 1967 жылдан - ҚазКСР Министрлер кеңесі мәдениет белімінің меңгерушісі. 1975 жылдан - ҚазКСР Мәдениет министрлігі Кинематография комитеті төрағасының орынбасары. 1977 жылдан - ҚазКСР Мәдениет министрлігі ҚазКСР Мемлекеттік кинематография комитетінің төрайымы. 1981 жылдан - зейнеткерлік демалыста.

Марапаттары мен атақтары ҚазКСР Жоғарғы Кеңес депутаты (1964-1968). ҚазКСР Кинематографистер одағының мүшесі (1956 жылдан). «Құрмет белгісі», Еңбек Қызыл Ту ордендерімен; медальдармен; ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің 5 құрмет грамотасымен марапатталған. КОКП мүшесі (1960-1990).

Жеке өмірі Хоббиі - кітап оқу.

Сүйіп оқитын әдебиеті - поэзия, проза, драматургия.

Орыс және ағылшын тілдерін біледі.

Отбасы Әкесі - Ғалымжанов Ғ.Ғ., заңгер болған, 1938 жылы атылып кеткен.

Жесір. Жұбайы - Қарауылов Зия, марқұм. Ұлы - Қарауылов Әділ (1949 жылы туған); қызы - Қарауылова Рабиға (1952 жылы туған).Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:22 қаңтарда туғандар Санат:9 қазанда қайтыс болғандар