Тасбұлақ – Ұлытау тау жүйесінің қиыр оңтүстігіндегі тау массиві.
Географиялық орны Ұлытау облысы Ұлытау ауданы жеріңде. Сарысу өзенінің төменгі ағысында. Абсолюттік биіктігі 320 м .
Геологиясы, жер бедері Бор шөгінділерінен түзілген. Оңтүстік және батыс беткейлері бұлаққа бай (Ұзынбұлақ, Шилі).
Өсімдігі Сұр қоңыр топырақ жамылғысында жусан, бұйырғын, көкпек өседі. Тасбұлақ күзгі, қысқы мал жайылымы.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Дереккөздер
Санат:Ұлытау ауданы таулары