Болат Қалиұлы Сүлеев (4 мамыр, 1953 жыл, Жамбыл облысы Шу ауданы, Шу қаласы - 11 қараша 2011 жыл Астана) — кинооператор, сценарийші.

Өмірбаяны Әкесі - Сүлеев Қали Сүлейұлы, марқұм, партия қызметкері болған. Анасы - Ибрашева Елизавета Ибрашқызы, марқұм, мұғалім болып жұмыс істеген. Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтының кинооператорлық факультетін бітірген (1978), фильм кинооператоры. 1977-2008 жылдары - Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының қоюшы операторы. 2006 жылдан бері - Темірбек Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясы кинооператорлық факультетінің шебер-жетекшісі.

Сценарийлері «Әнші ауыл» деректі фильмі (1984); «Маңғыстау ежелгі құсы» мультфильмі (1984).

Операторлық жұмыстары Деректі фильмдердің қоюшы операторлығы «Нити» (1977) «Бақтағы үй» (1978) «Өмір палитрасы» (А. Сүлеевпен бірге, 1983) «Под стук колес» (1984) «Атамекен» (А. Сүлеевпен бірге, 1993) «Қазақстан тарихына саяхат» (1997) және т.б.

Көркем фильмдердің қоюшы операторлығы «Когда тебе 12 лет» (1978) «Тайна поющего острова» (А. Сүлеевпен бірге, 1980) «Үш күн мереке» (1981) «Аңшы» (1983) «Мой дом на зеленых холмах» (1986) «Таулардан биік» (1988) «Қоштасқым келмейді» (А. Сүлеевпен бірге, 1992) «Жамбылдың жастық шағы» (1996) «Сиқырлы демеуші» (2001) «Прыжок Афалины» (2009) және тағы басқа.

Шығармалары Темірбек Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясы операторлық факультетінің студенттеріне арналған оқу-әдістемелік көмекші құралының авторы.

Қоғамдық қызметтері Қазақстан Кинематографияшылар Одағы кинооператорлық секциясының төрағасы. Қазақстан Кинематографияшылар Одағының хатшысы.

Марапаттары Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

Отбасы Ажырасқан. Қызы - Сүлеева Ализа.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:Бүкілресейлік мемлекеттік кинематография институты түлектері