Коммерциялық есепшот - негізгі есеп айырысу құжаты. Оған сатушының өзі берген тауары үшін төлемнің өзіне тиесілі сомасын өтеу туралы сатып алушыға талабы жазылған. Есепшотта тауар бірлігінің бағасы және есепшоттың немесе тиесілі төлемнің жалпы сомасы көрсетіледі. Тауар берудің базистік шарттары, төлемді өтеудің әдісі және есеп айырысудың формасы, төлем құнының өтелуі жөніндегі (кім және қашан төлеуі тиіс) деректер, қаржыландыру туралы деректер (кім төлейді) және сақтандыру сыйлығының мөлшері жазылады. Банк терминдері мен ұғымдарының қазақша-орысша сөздігі. / Ғ. Сейіткасымов, Б. Бейсенғалиев, Ж. Бекболатұлы — Алматы: Экономика, 2006. ISBN 9965-783-20-9

Дереккөздер

Санат:Экономика Санат:Банк терминдері