Көшеге Әзірбайжандағы революциялық қозғалыстың көрнекті қайраткері Әзизбеков Мешади Азим-Бекоглының есімі (Алматы қаласы атқару комитетінің 10.01. 1961 №1 шешімі) берілген. Әзизбеков Мешади Баку қаласында (1876-1918) дүниеге келген.
Көше Әуезов ауданында орналасқан. Алматы үй құрылысы комбинаты (ДДК) ауданынан басталып, Райымбек даңғылымен батысқа қарай созылып жатыр. Ахрименко, Есенин көшелерімен қиылысады. Көшенің ұзындығы - 850 метр.Алматы көшелері. Анықтамалық энциклопедия. – Алматы: “ИП Волошин” баспасы, 2009. ISBN 978-601-7157-18-0
Дереккөздер
Санат:Алматы көшелері