thumb| alt=A.| Эвклаз. Эвклаз ( – жақсы, klasіs – сынғыш, жарылғыш) – аралдық силикаттар класс тармағына жататын минерал. Химия формуласы: Al2Be2[SіO4]2(OH)2. Эвклаздың кристалдық құрылымында оқшауланған [SіO4]-тетраэдрі [AlO6]-октаэдрі бағаналары мен [BeO3(OH)]-октаэдрі тізбектері арасында орналасады. Моноклиналдық сингонияда кристалданады. Тақташа, кесте және қысқа кейде ұзын призма тәрізді, қырлары көп кристалдар түзеді; агрегаттары шашыранды және жарты шар пішінді. Эвклаз түссіз, ақ, көгілдір, көк, сары немесе көк-жасыл түсті, мөлдір, шыныдай жылтыр. Қатты Моос шкаласы бойынша 7,5, тығыздығы 3,1 г/см3 шамасында, жіктілігі бір бағытта жетілген. Ол – эндогендік минерал. Эвклаз гранитті пегматиттер, грейзендер мен жоғары температуралы кварц және альпі желілерінде адуляр, кварц, флюорит, т.б. минералдармен бірге кездеседі. Пегматитті, мөлдір Эвклаз – асыл тас.“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
Дереккөздер
Санат:Силикат минералдар Санат:Алюминий минералдары Санат:Бериллий минералдары Санат:Асыл тастар