Ақөре (1993 жылға дейін – Калининское)Об упоpядочении тpанскрибиpования на pусском языке казахских топонимов, наименовании и пеpеименовании отдельных администpативно-теppитоpиальных единиц Республики Казахстан — Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданындағы ауыл.

Географиялық орны Аудан орталығы – Ботақара кентінен солтүстік-шығысқа қарай 60 км-дей жерде.

Тарихы 1908 жылы Таврия, Полтава, Екатеринбург губернияларынан қоныс аударушылар қоныстандырылып, "Богородское" ауылы деп аталған. 1925 жылы ауыл атауы "Калининское" деп өзгертілді. 1961 жылы «Красный Октябрь» кеңшарының іргесі қаланды. Жерінің жалпы ауданы - 92,2 мың га. Кеңшар астық және мал шаруашылығына мамандандырылған. 1998 жылы кеңшар негізінде 33 шаруа қожалығы құрылды.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен1079 519 337 64,9 269 195 72,5 250 142 56,8

Инфрақұрылымы Округте клуб, ФАП, орта мектеп, кітапхана, сөйлесу пункті жұмыс істейді. Ауыл басқа елді мекендермен Қарағанды - Семізбұғы автомобиль жолы арқылы байланысады.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Дереккөздер

Санат:Бұқар жырау ауданы елді мекендері‎