Қойнауқатталу - Шөгінді тау жыныстар қимасындағы көршілес қойнауқаттардың бір-бірімен алмасу құбылысы; әрбір қойнауқат өз көршілесінен "қойнауқатталу беті" арқылы дараланады, бұл беттерді зерттеу шөгінділердің қалыптасу жағдайы жайлы деректер алуға көмектеседі. Кейде қойнақталу термині қат-қабаттылық терминінің синонимі ретінде қолданылып жүр, бұл дұрыс емес. XIX ғасырда және XX ғасырдың бас шенінде қойнайталу термині "астасу" деген мағынада жиі қолданылған.Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым. — Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0

Дереккөздер

Санат:Геология Санат:Мұнай және газ