Бұрынғы атауы Р. Люксембург көшесі. «Тельман» тұрғын алабы. Ақкемер көшесі Мұғалжар көшесінен басталып, Аңырақай көшесінде аяқталады. Ұзындығы - 980,2 м. Ақкемер - Қазақстанның барлық түкпірінде кездесетін сай-саланың, кеуіп қалған арнаның, жағаның атауы. Бұл атаулары «ақ» сөзі «кемер» сөзімен тұлғаласып, «қаракемерге» керісінше ұғым береді. Турколог ғалымдардың айтуынша «кемер» сөзі иран тілінен енген «су» немесе «су орган сай» мағынасын білдіреді.Астана көшелері /Құрастырушы: Е. Тілешев, О. Сүлейменов. Алматы: 2008. ISBN 9965-32-642-8
Дереккөздер