Түзілімдерді және бұйымдарды құрастыру жабдықтары () — жиһаз жасау өндірісінде құрастыру жұмыстары екі кезеңмен жүргізіледі: түзілімдеу және агрегатты жинақтау. Тұрқылы жиһазды құрастырғанда, әуелі түзілімдер жинақталады — тақталы элементтерге тартпалар, ілмектер, құлыптар, сөрелер, ұстағыштар т.б. орналастырылады. Тұрқылы жиһаздардың қалқанды тетіктеріне фурнитураларды жинақтау үшін жартылай автоматтар қолданылады. Бұл жартылай автоматтар үш топқа бөлінеді: агрегаттық бастиектері бір жаққа орналасқан; агрегаттық бастиектері көлденең орналасқан. агрегаттық бастиектер екі жаққа орналасқан. Бұрандалы шегесіз фурнитураларды орнатуға арналған жартылай автоматтарда өңделетін тетіктердің өлшемдері: ұзындығы 300 ... 1850 мм, ені 330 ... 560 мм, қалыңдығы 14 ... 25 мм.Полиграфия, өлшеу техникасы, ағаш өңдеу жабдықтары және металл өңдеу техникасы мен технологиясы: Қазақша-орысша терминдердің түсіндірме сөздігі.
Дереккөздер
Санат:Полиграфия