(ор. цифровые измерительные приборы) - өлшенетін шаманы алдымен кодқа түрлендіріп, цифрмен көрсететін өлшеуіш аспап. Цифрмен көрсететін амперметрлер, вольтметрлер, омметрлер, жиілік өлшерлер, фазаметрлер және т.с.с. болады. Электр механикалық цифрлы өлшеуіш аспапта өлшеу қателігі 0,01 - 0,1 %. Олардың түйіспелі элементі болады. Электронды цифрлі өлшеуіш аспап түйіспесіз, инерциясы жоқ элементпен жасалынады. Оның өлшеу қателігі 0,1 ... 0,5 %. Цифрлы өлшеуіш аспаптың артықшылығына объективтілігі, есептеу және өлшеу нәтижелерін тіркеу ыңғайлылығы, өлшеу дәлдігінің жоғарылығы, олардың автоматты есептеу құрылғыларымен бірге жүмыс істеу мүмкіншілігі жатады, кемшілігіне құрылымдарының күрделілігі жатады.Полиграфия, өлшеу техникасы, ағаш өңдеу жабдыктары және металл өңдеу техникасы мен технологиясы: Қазақша-орысша терминдердің түсіндірме сөздігі.
Дереккөздер
Санат:Өлшеу техникасы