Нұрлан Мәжитұлы Әбдіров (12 қаңтар 1961 жыл, Ақсу-Аюлы, Шет ауданы) — қазақстандық заңгер-құқықтанушы, мемлекет және қоғам қайраткері, 2022 жылдан бастап Орталық сайлау комиссиясының төрағасы. Заң ғылымдарының докторы.
Білімі КСРО ІІМ Қарағанды жоғарғы мектебін бітірген (1982), заңгер-құқықтанушы.
Заң ғылымдарының кандидаты (1987), докторы (1999). Докторлық диссертациясының тақырыбы: «Қазақстан Республикасында нашақорлықпен күрестің концептуалды проблемалары (криминологиялық және қылмыстық-құқықтық зерттеу)». Профессор.
«Подросток в орбите наркотизма: проблемы, предупреждение» (тең авторлықта, 1997), «Уголовно-правовые меры борьбы с преступлениями, связанными с наркотиками» (тең авторлықта, 1998), «Концептуальные проблемы борьбы с наркотизмом в РК (криминологическое и уголовно-правовое исследование)» (1999) кітаптарының авторы. 70-тен астам ғылыми жарияланымдардың авторы.
«Нұр Отан» ХДП мүшесі (2007 жылдан).
Еңбек жолы 1982 жылдан - КСРО ІІМ Қарағанды жоғарғы мектебінің оқытушысы. 1984 жылдан - КСРО ІІМ БҒЗИ адъюнкті. 1987 жылдан - ҚР ІІМ (МТК) ҚЖМ оқытушысы, аға оқытушысы, доценті, қылмыстық құқық және криминология кафедрасы бастығының орынбасары.
1997 жылдан - ҚР Нашақорлықты бақылау бойынша мемлекеттік комиссиясының хатшысы.
2000 жылдың мамыр айынан - ҚР Нашақорлық пен наша бизнесімен күрес агенттігі төрағасының орынбасары.
2001 жылдан бері - ҚР Әділет министрлігінің Нашақорлық пен наша бизнесімен күрес комитеті төрағасының орынбасары.
2002 жылдан - Қауіпсіздік кеңесі хатшылығында мемлекеттік инспектор, 2004 жылдан - Қоғамдық және экологиялық қауіпсіздік бөлімінің меңгерушісі, 2005 жылдың сәуір айынан - хатшылық меңгерушісінің орынбасары.
2005-2009 жылдары - ҚР Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары - Қауіпсіздік кеңесі хатшылығының меңгерушісі.
2009-2020 жылдары - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің төртінші, бесінші, алтыншы сайланымдарының депутаты. Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы.
2020 жылғы 28 тамыздағы Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды. Сол жылы қыркүйекте Сенат Төрағасының орынбасары болып сайланды.
2022 жылы 25 қаңтарда Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы болып тағайындалды.ӘБДІРОВ Нұрлан Мәжитұлы 2026 жылғы конституциялық референдум қарсаңында Орталық референдум комиссиясының төрағасы қызметін атқарды.2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткiзу туралы
Марапаттары «Құрмет» орденімен (2006), «Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі үлесі үшін» медалімен марапатталған.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2
«Парасат», ТМД ПАА-ның «Содружество» орденімен, медальдармен марапатталған.
Отбасы Үйленген, жұбайы — Әбдірова Гүлнар Қабдоллақызы. 1986 жылы туған Марғұлан, 1988 жылы туған Әйгерім есімді екі баласы бар.53. Абдиров Нурлан Мажитович
Арғын тайпасы, Қаракесек руының Керней бұтағынан шыққан.
Інісі Нұрғалым Әбдіров (1967 жылы туған) — мамандығы бойынша құқықтанушы, 2012—2025 жылдары Ақтөбе, Түркістан, Жамбыл облыстарының прокуроры болған.Әбдіров Нұрғалым Мәжитұлы 2025 жылы Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректоры болып тағайындалды.Бас прокуратурада ауыс-түйіс: өңірлердегі прокурорлар тағайындалды
Тағы бір інісі Шахатбек Әбдіров (1975 жылы туған) — мамандығы бойынша заңгер құқықтанушы, 2020—2023 жылдары Қарағанды облыстық сотының азаматтық істер бойынша сот алқасының төрағасы болған.Абдиров Шахатбек Мажитович (персональная справка
Сілтемелер Мәжілістің құрамы мен құрылымы, ӘБДІРОВ Нұрлан Мәжитұлы
Дереккөздер
Санат:Қазақстан Парламенті Мәжiлiсінің IV шақырылымының депутаттары Санат:Қазақстан Парламенті Мәжiлiсінің V шақырылымының депутаттары Санат:Қазақстан Парламенті Мәжiлiсінің VI шақырылымының депутаттары Санат:Қазақстан Парламенті Сенатының депутаттары