Ясная Поляна — Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданындағы ауыл, Яснополян ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы - Тайынша қаласының солтүстік-шығысына қарай 34 км-дей жерде орналасқан.
Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 1697 адам (892 ер адам және 805 әйел адам) болса, 2009 жылы 1449 адамды (736 ер адам және 713 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
Тарихы Іргесі 1930 жылы қаланған. 1936-96 жылы шошқа шауашылығы ұжымшарының орталығы болды. «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, X том
Дереккөздер
Сілтемелер Kazachstan 2014 : Jasna Polana, Wiśniowka
Санат:Тайынша ауданы елді мекендері