Ержан Ғаббасұлы Кәрібаев (6.01.1958 жыл, Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Белогор кенті) - кен орын ашушы, Техника ғылымдарының кандидаты. ҚР Минералды ресурстар академиясының мүшесі- корреспонденті (1996)..
Білімі В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын (1980) тау-кен инженері-маркшейдер мамандығы бойынша; Мәскеу тау-кен институтын (1990) кен ендірісіндегі еңбекті қорғау жөніндегі инженер мамандығы бойынша бітірген.
Ғылыми еңбектері 20-дан астам жарияланымдардың авторы.
Еңбек жолы 1980 жылдан - Белогор тау-кен-байыту комбинаты Белая Гора кенішінің учаскелік маркшейдері. 1983 жылдан - Белая Гора кенішінің №1 жер асты учаскесінің бастығы. 1985 жылдан - Қазақ КСР Мемлекеттік тау кен-техникалық инспекциясының Шығыс Қазақстан округы Семей облыстық тау-кен-техникалық инспекциясының учаскелік тау-кен-техникалық инспекторы. 1988 жылдан - Қазақ КСР Мемлекеттік кен-техникалық инспекциясының Шығыс Қазақстан округы Өскемен жер қойнауын қорғау және геологиялық-маркшейдерлік бақылауды қадағалау женіндегі инспекциясының бастығы. 1992 жылдан - Жер қойнауын қорғау және геологиялық бақылау басқармасының жер қойнауын қорғау және пайдалану жөніндегі бастығы, Шығыс Қазақстан аумақтық Жер қойнауын қорғау және пайдалану басқармасы бастығының орынбасары, «Шығысқазжерқойнауы» аумақтық басқармасының бастығы. 1997 жылдан - «Қазмемжерқойнауы» минералды ресурстар Бас басқармасының бастығы. 1999 жылдан - «Қазгеоақпарат» геологиялық ақпараттар республикалық орталығының бастығы. 2000 жылдан - ҚР Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Геология және жер қойнауын қорғау комитеті төрағасының бірінші орынбасары. 2001 жылдан - ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын қорғау комитеті терағасының орынбасары. 2004 жылдан - ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының орынбасары.
Марапаттары «Астана» медалі «ҚР жер қойнауын Құрметті барлаушысы» «ҚР кен орындарын тұңғыш ашушы» белгілерімен марапатталған.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2
Дереккөздер
Санат:6 қаңтарда туғандар Санат:Техника ғылымдарының кандидаттары Санат:Қазақстан Минералды ресурстар академиясының корреспондент мүшелері Санат:Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті түлектері Санат:Мәскеу мемлекеттік тау-кен институты түлектері Санат:Қазақстан жер қойнауының құрметті барлаушылары Санат:Қазақстан кен орындарын тұңғыш ашушылары