Болат Елтайұлы Шайманов (6 тамыз, 1953 жыл, Ақтөбе облысы Октябрь ауданы Димитровка кенті) - генерал-майор.

Өмірбаяны Әкесі - Сатаев Елтай Шайманұлы, марқұм. Анасы - Сатаева Түкен, марқұм. Қарағанды политехникалық институтының автомеханика факультетін бітірген (1976), автомобиль көлігінің инженер-механигі. 1976 жылдан - «Ақтөбеауырқұрылыс» бірлестігінде ага механик, автоколонна бастыгы; ҚазКСР (ҚР) МҚК-ҰҚК органдарында қызметте. 1998 жылдан - Атырау облысы ҰҚКД бастығы. 1999 жылдан - Ақтөбе облысы ҰҚКД бастығы. 2000 жылдан - ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары. 2001 жылдан - Ақтөбе облысы ҰҚКД бастығы. 2006 жылдан бері - Маңғыстау облысы ҰҚКД бастығы.

Мақалалары «Отан күзетінде» кітабында жарияланған «Мемлекеттің аймақтық қауіпсіздігі күзетінде» мақаласының авторы.

Марапаттары Медальдармен марапатталған. ҚР ҰҚК органдарының Құрметті қызметкері. Генерал-майор.

Отбасы Үйленген. Жұбайы - Балтенова Роза Қамажанқызы (1953 жылы туған), экономист-құрылысшы. Ұлы - Әнуар (1978 жылы туған), банкир; қызы - Әлия (1984 жылы туған).Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:6 тамызда туғандар Санат:1953 жылы туғандар Санат:Ақтөбе облысында туғандар Санат:Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті түлектері Санат:Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік қызметінің құрметті қызметкерлері Санат:Қазақстан генерал-майорлары