Бауыржан Амангелдіұлы Смайылов (1967 жыл, 23 наурыз, Ақмола облысы Астрахан ауданы, Жарсуат ауылы) — қазақ экономика ғылымдарының кандидаты, ҚР Парламенті Мәжілісі 4-шақырылымының депутаты (2007 – 2012).
Өмірбаяны Білімі Ақмола ауылшаруашылық институтының экономика факультетін (1991) ұйымдастырушы-экономист мамандығы Қазақ мемлекеттік заң академиясының заң факультетін (2001) құқықтанушы-заңгер мамандығы; Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Дипломатия академиясын (2005), халықаралық қатынастар саласының маманы; ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік қызмет академиясын (2007) «Мемлекеттік және муниципалдық басқару» мамандығы бойынша бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты. Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Экономиканың ауылшаруашылық секторындағы шағын кәсіпкерлік дамуының және мемлекеттік ынталандырудың ерекшеліктері (Ақмола облысы материалдары негізінде)».
Қызмет жолы 1984 жылдан – Целиноград облысы Теңіз ауданы «Талдысай» кеңшарының жұмысшысы; Целиноград ауылшаруашылығы институтының студенті. 1985-1987 жылдары - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте. 1991 жылдан – Целиноград облысы Максимовка ауылы «Рассвет» кеңшарының экономисі, бас экономисі. 1994 жылдан –«Қалқаман» ІЛІЖК директоры. 1995 жылдан – «Қалқаман» ЖШС бас директоры. 1996 жылдан – «Қалқаман-Астық» ЖШС бас директоры. 1997 жылдан – «Ақмола құрылыс материалдары» ЖШС бас директоры. 2007 жылдан бері – ҚР Парламенті Мәжілісі 4-шақырылымының «Нұр Отан» ХДП тізімі бойынша депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі.
Қоғамдық қызметі Астана қаласы мәслихатының 2-ші (1999-2003) және 3-ші (2003-2007) шақырылымдарының депутаты. ҚР Парламенті Сенатына депутаттыққа кандидат (2002). «Нұр Отан» ХДП саяси кеңесінің (2001 жылдан) мүшесі. Астана қаласы Кесіпкерлер құқығын қорғау бірлестігінің (1999-2007) мүшесі. ҚР Президенті жанындағы Кәсіпкерлер одағының (2005-2010) мүшесі. «Атамекен» одағы» Қазақстан ұлттық экономикалық палатасы басқармасының мүшесі (2005 жылдан). «Нұр Отан» ХДП жанындағы «Абырой» республикалық қоғамдық-кеңес беру кеңесінің мүшесі (2008 жылдан).
Марапаттары «Құрмет» ордені (2005); «Ерен еңбегі үшін» (1999) медалі «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001) медалі «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005) медалі «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» (2006) медалі. Онжылдықтың үздік кәсіпкері (2001). Отбасы Әкесі – Смаилов Амангелді Әбілдаұлы, ғалым-агроном, Ақмола облысында кеңшар директоры болған. Үйленген. Жұбайы – Смайылова Ләззат Телеубайқызы Ұлы – Дәулет (1990 жылы туған); қыздары – Дана (1998 жылы туған), Тоғжан (1999 жылы туған).Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2
Дереккөздер
Санат:Қазақ мемлекеттік заң университеті түлектері Санат:Еуразия ұлттық университеті түлектері Санат:Экономика ғылымдарының кандидаттары Санат:Қазақстан Парламенті Мәжiлiсінің депутаттары