Аборигендер (лат. Aborіgіnes — бастапқы, негізгі, байырғы, тұрақты) — автохтонды тұрғындар. Аборигендер көбінесе елдің, өлкенің, белгілі ауданның байырғы тұрғындары ретінде өзара ру-тайпалық, туған-туыстық және тарихи-әлеуметтік, экономикалық қарым-қатынаста болады. Қазақтар өз жерінің тұрақты-автохтонды халқы ретінде бірнеше мыңдаған жылдар бойы ата, ру, тайпа, жүздік одақтар ретінде қордалана келіп, алдымен ұлыс, кейін біртұтас ұлт болып тарихи түрде қалыптасқан.Қ 18 «Қазақстан». Ұлттық энциклопедия / Бас ред. Ә. Нысанбаев. — Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998. — 720 бет. ISBN 5-89800-123-9
Аборигендер - [лат. aborigine - әуел бастан, бұрыннан] - ел аумағында қазіргі тұрғындарынан бұрын өмір сүретін, түпкілікті байырғы, ежелгі, іргелі халқы (мысалы, АҚШ пен Канададағы үнді тайпалары, Австралиядағы австралиялықтар және т.б.). Кейде аборигендерді автохтондар (грек, autos - өзі, chton - жер) деп те атайды.Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3
Аборигендер - белгілі бір аумақта ежелден, бірнеше ғасыр бойы өмір сүріп келе жатқан байырғы тұрғындар. Көп жағдайда аборигендер бір ұлттық-этникалық қауымдастықтың құрамына кіреді. Мысалы, Америка Австралияны отарлау барысында жергілікті халық қырғынға ұшырады, жекелеген жағдайларда халықты атамекенінен күштеп көшіріп, арнайы шет аудандарға ығыс- тырып, қоныстандырған. Мысалы, АҚШ- та бүгінгі күні Ӏ млн.-ға жетер-жетпес үндіс қалған. Қазақ тілі термиңдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6
Аборигендер (латынша— әуел бастан) — қандай да болмасын бір аумақтың ежелгі, байырғы халқы; биологияда автохтондар деген мағынада қолданылады.
Дереккөздер
Санат:Халықтар Санат:Этникалық топтар