Самат Сатыбалдыұлы Әбіш (20 тамыз 1978, Іле ауданы, Алматы облысы) — қазақстандық мемлекеттік және әскери қайраткер, мемлекеттік қауіпсіздік органдарының қызметкері. Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі.

Өмірбаяны Самат Сатыбалдыұлы Әбіш 1978 жылы 20 тамызда Қазақ КСР-і Алматы облысындағы Энергетический ауылында Қазақстанның тұңғыш президентінің кенже інісі Сатыбалды Әбішұлы Назарбаевтың отбасында дүниеге келген. Ұлы жүздің шапырашты руынан шыққан. Ол өз тегін атасы Әбіш Назарбаевтың құрметіне алды. Ағасы — Қайрат Сатыбалдыұлы.

2000 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің академиясын, ал 2002 жылы Ресей Федерациясының Сыртқы барлау қызметінің академиясын бітірген.

Отбасы Әкесі — Назарбаев Сатыбалды Әбішұлы. Анасы — Назарбаева Светлана Мырзахметқызы, «Дәуір» баспасының жетекшісі. Ағасы — Қайрат Сатыбалдыұлы Әйелі — Аида Алматбекқызы Назарбаева Балалары — Әбіш Әмина Саматқызы, Әбіш Жәмилә СаматқызыҚазақстан Республикасында Кімнің Кім екені - 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2

Мемлекеттік қызметі ҚР ҰҚК академиясын (2000); РФ СБҚ академиясын (2002) бітірген.

Қазақ, орыс және неміс тілдерін біледі.

2000 жылдан - ҚР ҰҚК органдарында қызмет атқарған. 2006 жылдың маусым айынан - ҚР Әділет министрлігі Қылмыстық-үдерістік және қылмыстық-атқару заңнамасы басқармасының қылмыстық-атқару заңнамасы бөлімінің бастығы. 2006 жылдың қыркүйек айынан - ҚР Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитеті төрағасының орынбасары, 2007 жылдан - төрағасы. 2008 жылдың қазан айынан - ҚР Әділет министрлігінің жауапты хатшысы. 2010 жылдан бері - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Орталық аппараты Мамандар департаментінің бастығы.

«Ерен еңбегі үшін» (2007), «Астананың 10 жылдығы» (2008) медальдарымен марапатталған.

Хоббиі Хоббиі - оқу, футбол.

Дереккөздер

Санат:Аманат партиясының мүшелері Санат:Қазақстан генерал-лейтенанттары