Жанат Абдоллаұлы Жарасов 1951 жылы 7 қарашада Түркістан облысында туған.
Ф.Э. Дзержинский атындағы КСРО МҚК жоғары мектебін бітірген.
1973 жылдан - бөлімше бастығы, бөлім бастығының орынбасары, басқарма бастығыныңорынбасары, басқарма бастығы, Департамент бастығының орынбасары; 2000 жылдан - ҚР ҰҚК Қарсы барлау департаментінің бастығы. 2004 жылдан - ҚР ҰҚК Әскери қарсы барлау департаментінің бастығы. 2005 жылдан - Жамбыл облысы бойынша ҰҚКД бастығы; ШҚО бойынша ҰҚКД бастығы. 2009 жылдың желтоқсан айынан бері - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары.
9 медальмен және 2 төс белгімен марапатталған. ҚР ҰҚКД Құрметті қызметкері.
Генерал-майор.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2
Дереккөздер
Санат:Қазақстан Парламенті Мәжiлiсінің V шақырылымының депутаттары Санат:Қазақстан Парламенті Мәжiлiсінің VI шақырылымының депутаттары Санат:Аманат партиясының мүшелері Санат:Қазақстан генерал-майорлары