Гүлшарбан Қамылбайқызы Сабурова (7.11.1951 жыл) - Педагогика ғылымдарының кандидаты (2001). Қазақ.
Әкесі - Сабуров Қамылбай Ағзамұлы, марқұм, әскери қызметкер болған. Анасы - Сабурова Кұлтай, марқұм, сауда саласында жұмыс істеген.
Н.К. Крупская атындағы Семей педагогикалық институтының филология факультетін бітірген (1972).
Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Орта мектепте аударма шығармаларын оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері». «Аударма шығармаларын оқытудың тиімді жолдары» монографиясының (Алматы қаласы, 2005), 40 астам орыс мектебінде қазақ тілін оқыту туралы әдістемелік жинақтардың; «Мектептегі орыс тілі», «Қазақ мектебіндегі орыс тілі» журналдарындағы мақалалардың авторы.
КОКП мүшесі (1972-1991).
1972 жылдан - Мұхтар Омарханұлы Әуезов атындағы ОМ орыс тілі және әдебиеті пәнінің оқытушсы (Абай облысы Ақсуат ауданының Көкжыра ауылы). 1976 жылдан - академик О.А. Жәутіков атындағы Республикалық арнайы физика-математика мектеп-интернаты директорының орынбасары, директордың ғылым және әдістеме бойынша орынбасары, интернат меңгерушісі, директоры.
1996 жылдан бері - «Келешек» физика-математика мектебінің директоры (О.А. Жәутіков атындағы Республикапық арнайы физика-математика мектеп-интернатының негізінде құрылған).
Семей облысының Ақсуат аудандық кеңесінің депутаты (1973-1976).
«Қазақстанның іскер әйелдері» клубының мүшесі.
Марапаттар
«Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), Ы. Алтынсарин атындағы (2006), «Ерен еңбегі үшін» (2007), «Астанаға 10 жыл» (2008), «Дарын 10 жылдығы» (2009) медаль; Қазақстан Республикасының Білім министрлігінің құрмет грамоталары (1993, 2005) ҚР оқытушы-әдістемешісі (1994). Қазақстан Республикасының білім беру үздігі (1993).
Отбасы Тұрмыс құрған. Жұбайы - Адамбек Махсұтұлы Татенов, физика-математика ғылымдарының кандидаты, Халықаралық ақпараттандыру академиясының профессоры академигі, «Инфотех» ЖШС директоры.
Қызы - Данара (1980 жылы туған), банк қызметкері.
Немересі - Нұрдана (2001 жылы туған).Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2
Дереккөздер
Санат:7 қарашада туғандар Санат:1951 жылы туғандар Санат:Семей педагогикалық институты түлектері Санат:Қазақстан педагогтары Санат:Педагогика ғылымдарының кандидаттары Санат:КОКП мүшелері Санат:Қазақстан іскер әйелдері Санат:Қазақстан Конституциясына 10 жыл медалінің иегерлері Санат:Ыбырай Алтынсарин төсбелгісімен марапатталғандар Санат:Ерен еңбегі үшін медалінің (Қазақстан) иегерлері Санат:Астанаға 10 жыл медалінің иегерлері Санат:Дарын 10 жылдығы медалінің иегерлері Санат:Қазақстан Республикасының оқытушы-әдістемешілері Санат:Қазақстан білім беру ісінің үздіктері