Әлиақпар Болатұлы Мәтишев 1962 жылы 23 қаңтарда Жезқазған қаласында туған. Қазақ. Қарағанды политехникалық институтын (1984) инженер-механик мамандығы бойынша; Қазақ мемлекеттік басқару академиясын (2001) экономист мамандығы бойынша бітірген.Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін біледі. 1984 жылдан - Кеңес Әскері қатарында қызметте. 1986 жылдан - Мемлекеттік мұнай өнімдері комитеті басқармасының бас энергетигі (Жезқазған облысы). 1988 жылдан - Қазақстан ЛКЖО Жезқазған қалалық комитеті ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, бірінші хатшысы. 1990 жылдан - коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеген. 1996 жылдан - «Жезқазғанмаркетинг» АҚ президенті. 1998 жылдан - Астана қ. бойынша Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті төрағасының орынбасары. 1999 жылдан - ҚР Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің ректоры. 2004-2008 жылдары - ҚР Индустрия және сауда министрлігі Бәсекелестікті қорғау комитетінің төрағасы 2009 жылдан - «Бәсекелік саясатты дамыту жәни қорғау орталығы» АҚ президенті. 2010 жылдан бері - «Қазақстандық KAZENERGY мұнай газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры. Хоббиі - саятшылық, спорт.Сүйіп оқитын әдебиеті - тарих.Үйленген. Жұбайы -Тұрахметова Ғалия Бертайқызы Ұлы Руслан; қызы - Кәмила.Қазақстан Республикасында Кімнің Кім екені - 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2
Дереккөздер
Санат:Тұлғалар Санат:Экономика Санат:1962 жылы туғандар