Байтақ Жалғасұлы Әлиев 1964 жылы 15 наурызда Ақтөбе облысында туған. Ақтөбе байланыс электротехникумын (1983) байланыс технигі мамандығы бойынша; Мәскеу И.М. Губкин атындағы мұнай және газ институтын (1991), «Газ-мұнай құбырларын, газ қоймаларын және мұнай базаларын жобалау және пайдалануға енгізу» мамандығы бойынша бітірген.РФ Үкіметі жанындағы Халық шаруашылығы академиясының экономика ғылымдарының кандидаты (2006). Еңбек жолын «Уралтрансгаз» ӨБ Арал желілік-өндірістік басқармасының турбокомпрессорлық цехының машинисі.1993 жылдан - «Қазақгаз» МХК газ көлігі басқармасының компрессорлық стансалар женіндегі бас маманы, КС бөлімінің бастығы, бастығының орынбасары. 1995 жылдан -«Батыстрансгаз» АҚ газ көлігі басқармасы бастығының орынбасары. 1997 жылдан - «Орал» ЖО пайдалануға енгізу және жөндеу жөніндегі департаментінің директоры, «Атырау» МГБ директоры, «Интергаз Орталық Азия» АҚ күрделі құрылыс және жөндеу департаментінің директоры. 2009 жылдан бері - «Интергаз Орталық Азия» АҚ техникалық директоры.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2
Дереккөздер
Санат:Қазақстан мұнайшылары Санат:1964 жылы туғандар