Ермек Ерубайұлы Әжиев (2.01.1966, Шымкент облысы, Қызылқұм ауданы, Шәуілдір ауылы) - қаржыгер. Қазақ.
Білімі Н.А. Вознесенский атындағы Еңбек Қызыл Ту орденді Ленинград қаржы-экономика институтының «Қаржы және несие» факультетін (1990) экономист мамандығы бойынша; Қазақ гуманитарлық заң университетінің заң факультетін (2003) заңгер мамандығы бойынша бітірген. Түрлі уақытта біліктілігін арттырып отырған, осылайша, соңғы 5 жылдың ішінде Дойче Бундесбанкте «Орталық банктің ұйымдастырылуы мен құрылымы» тақырыбы бойынша (2004, ақпан); ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «Қазақстан Республикасындағы индустриалдық-инновациялық саясат: проблемалары мен перспективалары» тақырыбы бойынша (2007, қыркүйек); Калуга облысы бойынша Ресей банкінің бас басқармасында «Кәсіпорындар мониторингі» тақырыбы бойынша (2008, мамыр) оқытудан өткен. Жыл сайын ҚР Ұлттық банкінде келесі тақырыптар бойынша оқытудан өткен: «Қолма-қол ақшаны басқару және логистика.
Өмірбаяны 1990 жылдан - КСРО Өнеркәсіп құрылыс банкі Шымкент облыстық басқармасының өнеркәсіп кешені кәсіпорындарын қаржыландыру және несиелендіру бөлімінде экономист. 1991 жылдан - «Тұранбанк» АБ Шымкент басқармасы брокерлік қызмет бөлімінің брокері. 1992 жылдан - «Агроөнеркәсіпбанк» АКБ басқарушысының орынбасары (Шымкент облысының Ордабасы ауданы). 1993 жылдан - «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі» ММ Оңтүстік Қазақстан облыстық басқармасында банктік қадағалау басқармасы бастығының орынбасары. 1994 жылдан - «Казкоммерцбанк» АБ Шымкент филиалының директоры. 1997 жылдан - «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі» ММ Оңтүстік Қазақстан облыстық басқармасының бастығы. 1998 жылдың тамызынан бері - «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі» ММ Оңтүстік Қазақстан филиалының директоры.
Мақалалары Тәжірибелік және теориялық аспектілері» (2005), «Қаржы нарығы» (2007), «Ұлттық банктің қазіргі заман жағдайындағы қызметі» (2009) Ақша-несие саясаты, Қазақстанның қаржы секторының дамуы мәселелері бойынша республикалық және облыстық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған көптеген мақалалар мен жарияланымдардың авторы.
Қоғамдық жұмысы «Нұр Отан» ХДП мүшесі (2006 жылдан).
Марапаттары «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001) «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005) медальдарымен; «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің Еңбек сіңірген қызметкері» төс белгісімен (2007); Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының грамотасымен (2003); ОҚО әкімінің алғыс хаттарымен марапатталған.
Шендері Әскери атағы - аға сержант.
Отбасы Әкесі - Әжиев Ерубай Әжиұлы (1934-2004), ОҚО Алғабас, Қызылқұм, Ордабасы аудандық ауруханаларының бас дәрігері болып жұмыс істеген. Анасы - Әжиева Бахыт Әбдіқадырқызы (1936 жылы туған), ОҚО Ордабасы аудандық ауруханасында акушер-гинеколог болып жұмыс істеген, қазіргі уақытта Шымкент қаласының әйелдер кеңестерінің бірінде жеке тәжірибемен айналысады. Үйленген. Жұбайы - Әжиева Мәдина Төреқызы (1969 жылы туған). Қызы - Әжиева Жанат Ермекқызы (1992 жылы туған); ұлдары - Әжиев Қанат Ермекұлы (1993 жылы туған), Әжиев Сәкен Ермекұлы (1994 жылы туған), Әжиев Дәулет Ермекұлы (2002 жылы туған).Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2
Дереккөздер
Санат:2 қаңтарда туғандар Санат:Санкт-Петербург қаржы-экономика институты түлектері Санат:Қазақ гуманитарлық заң университеті түлектері Санат:Қазақстан банкирлері Санат:Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі қызметкерлері Санат:Казкоммерцбанк қызметкерлері Санат:Аманат партиясының мүшелері Санат:Қазақстан аға сержанттары