Ғарифолла Сапаұлы Кащапов 1960 жылы 19 мамырда Павлодар облысы Лебяжі ауданының Тереңкөл ауылында туған. Қазақ. В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының машина жасау факультетін бітірген (1987). Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін біледі. 1987 жылдан - Алматы ауыр машина жасау зауытында шебер. 1992 жылдан - жеке кәсіпкер. 1996 жылдан - «АлтиесПетролеум» қазақстандық-канадалық компаниясының ди-ректоры. 2002 жылдан - «Самек» компаниясының директоры.2004-2010 жылдары - «Макс Петролеум» американдық компаниясының президенті және негізін қалаушы,бас акционері. Жұбайы - Файзуллаева Жаннат Әбдуәлиқызы. Қыздары Лаура (1988 ж. т.), Алуа (1992 ж. т.), Аружан (2004 ж.т ) 2010 жылдың тамызында қайтыс болған.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:Тұлғалар Санат:Қазақстан мұнайшылары Санат:1960 жылы туғандар