300px|right|thumb|Сағат Түгелбаев Сағат Қашкенұлы Түгелбаев 1948 жылы 25 ақпанда Гурьев қаласында туған. Гурьев политехникалық техникумын (1967); В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын (1974) инженер-механик мамандығы бойынша бітірген. 1963 жылдан - Гурьев қалалық Жол құрылысы комитетінде бұрғышының көмекшісі, слесарь, 1967 жылдан - механик. 1968 жылдан - «Ембімұнай» бірлестігінде техник. 1974 жылдан - Гурьев политехникалық техникумында оқытушы, нұсқаушы, облыстық партия комитетінің бірінші хатшысының кемекшісі. 1982 жылдан – Петровский атындағы машина жасау зауытының директоры. 1984 жылдан - облыстық партия комитетінде бөлім меңгерушісі, Ембі аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы. 1986- 1990 жылдары - Теңіз газ өңдеу зауыты директорының орынбасары, «Теңізмұнайгаз» бірлестігінде басқарма бастығының орынбасары. 1992жылдан-Атырау облыстық әкімшілігінің басшысы. 1994 жылдан бері - «ANACO» ЖШС мұнай компаниясының «АтырауМұнайМаш» ЖШС машина жасау зауытының «ЗаманЭнерго» ЖШС сервис бұрғылау компаниясының акционері, құрылтайшысы, президенті, «Т&Т» ЖШС ком паниясының басқарушы. ҚР Жоғарғы Кеңесінің 12 шақырылымының депутаты. Экономикалық реформа, қаржы, бюджет жөніндегі төрағасының орынбасары (1990-1992).

Отбасылық жағдайы Үйленген. 2 ұлы және қызы бар.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:Қазақстан мұнайшылары Санат:1948 жылы туғандар Санат:Атырау облысының әкімдері