Кэти Перри (шын аты Кэтрин Элизабет Хадсон (); 25 қазан 1984 ж.) — америка әншісі, композитор. Санта Барбара қаласында, пасторлар отбасында дүниеге келген. 2007 жылы шыққан «Ur So Gay», 2008 жылы «I Kissed a Girl» дүниежүзілік хитімен танылып кеткен. 2010 жылы Рассел Брэндпен тұрмыс құрған. Әртүрлі номинациядағы сыйлықтар иегері. Кейінірек "Hot N Cold" әні шыққанан кейін одан да танымалырақ болды. 2010 жылы "Teenage Dream" атты альбомы шықты. Оның ішіндегі ең атақты синглдар: California Gurls және E.T. әндері.

Кэти Перри әлемдегі бір альбомынан шыққан 5 әнінің барлығы да АҚШ-тың атақты Billboard чартында 1 орын алып жүрген алғашқы әйел әнші болып саналады.

Дискографиясы

Katy Hudson (2001) One of the Boys (2008) Teenage Dream (2010) Prism (2013) Witness (2017) Smile (2020) 143 (2024)

Дереккөздер