thumb|right|200px|Ай ВэйВэй Ай ВэйВэй – қазіргі қытай суретшісі және сәулетші, бағыттаушы және сыншы, «China Art Archive & Warehouse»-дың негізін қалаушысы әрі директоры.

«Time» журналының мәліметі бойынша әлемнің ең ықпалды адамдары қатарында 24-орынды иеленеді. 1957 жылы 28 тамызда Бейжіңде туған. Оның әкесі – қытай ақыны Ай Цин (1910-1996). 1958 – 1978 жылдары Ай Вэй Шыңжаңда тұрған. 1978 жылы Бейжің кино академиясына түсіп, анимация саласын меңгереді. 1980 жылы «Жұлдыздар» арт тобын құрушылардың бірі болған. 2011 жылдың мамыр айында Ай Вэйге Ұлыбритания Корольдік академиясының құрметті академигі атағы берілді. Ол көптеген көрме ұйымдастырған.

Дереккөздер

Санат:28 тамызда туғандар Санат:1957 жылы туғандар Санат:Бейжіңде туғандар Санат:Қытай заманауи суретшілері Санат:Бейжің кино академиясы түлектері Санат:Өнердегі цензура Санат:Қытай суретшілері Санат:Қытай диссиденттері Санат:Жаңа мектеп түлектері