Ғазиз Әбдіразақов (1932 жылы Атырау облысы, Ембі ауданында дүниеге келген) — даңқты мұнайшы. Өзен кен орнының тұңғыш ашушысы. Бұрғылау шебері. Қазақстан Мұнай Өнеркәсібінің Үздігі. Жоғарғы мемлекеттік марапаттардың иегері.
Толығырақ Ғазиз Әбдіразақов 1932 жылы Атырау облысы, Ембі ауданында дүниеге келген. 1974 жылы Саратов политехникалық техникумын бітірген. 1948-1950 жылдары бірнеше жерлерде бұрғылау жұмыстарымен айналысты. 1950 жылы Гурьев (қазіргі Атырау) арқылы пароходпен Маңғыстаудың Баутино елді-мекеніне өзінің бұрғылау бригадаларымен көшіп келді. 1971 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болды. 1948-1987 жылдары — «Қазақстанмұнайбарлау» бірлестігі Қаратон, Төбежік мұнай барлау алаңдарында бұрғылау жұмысшысы, бұрғышының көмекшісі, бұрғышы, бұрғы шебері, кейінірек Өзен барлау-бұрғылау басқармасында бұрғы шебері, инженер-диспетчер. 1987 жылы жасы келіп, зейнеткерлікке шықты. Қазақстан мұнай тарихында аты алтын әріппен жазылған Ғазиз Әбдіразақовтың мұнайдағы ерен еңбегі өсіп келе жатқан ұрпаққа әруақыт үлгі бола бермек.
Марапаттары Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің құрмет грамотасымен марапатталған. КСРОның Ең жоғарғы "Ленин" Орденімен марапатталған. КСРОның "Қазақ төңкерісі" Ордені КСРОның бірнеше медалдарымен де марапатталған. Тәуелсіз Қазақстанның құрмет ордені мен мараптталған. "Маңғыстау облысына 40 жыл медалі Жаңаөзен қаласының құрметті азматыҚазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1
Дереккөздер
Санат:Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің депутаттары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасының иегерлері Санат:Қазан төңкерісі орденінің иегерлері Санат:Қазақстан мұнайшылары Санат:КСРО мұнай өндіру ісінің үздіктері