Бекеев Мұқаш (1904-1970, Атырау облысы). Ембінің ардагері. 1926-1938 жылдары — «Мақатмұнай» мұнай-газ өндіру басқармасында жұмысшы, кілтші, оператор, аға оператор, мұнай өндіру шеберінің көмекшісі. 1938-1959 — ірілендірілген Қошқар мұнай кәсіпшілігі басқармасында аға оператор, мұнай өндіру бригадасының шебері. Ленин орденімен (1951) және «Ерен еңбегі үшін»медалімен (1968) марапатталған. Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1 Дереккөздер
Санат:Тұлғалар