Наиф Камалов (1938, Башқұртстан). КСРО-ның еңбек сіңірген мұнайшысы. КСРО мұнай өнеркәсібінің үздігі. Уфа мұнай институтын бітірген (1965). 1981-1986 жылдары - «Ақтөбемұнай» бірлестігінің Октябрь бұрғылау жұмыстары басқармасының бастығы. 1986-1987 жылдары - «Ақтөбемұнай» ӨБ барлай бұрғылау басқармасының бастығы. 1987-1994 жылдары-«Ембімұнай» АҚ президенті. 1994-1998 жылдары - «Ақтөбемұнайгаз» АҚ президенті. 1998 жылдан - «СНПС- Ақтөбемұнайгаз» ААҚ бас директоры. Директорлар Кеңесі төрағасының кеңесшісі. 2004 жылдан - «Мұнайшы» қоғамдық қоры қамқоршылық Кеңесінің мүшесі. «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» медалымен марапатталған (1998). Ақтөбе қаласының құрметті азаматы.Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1
Дереккөздер
Санат:Қазақстан мұнайшылары