Берниязов Hұрмұхан (1913-1995, Атырау облысы). Ұлы Отан соғысына қатысушы. 1933-1947 жылдары —Доссор мұнай өндіру кәсіпшілігінде автомобиль жүргізуші. 1947-1951 жылдары — Қосшағыл мұнай өндіру кәсіпшілігінде жүргізуші. 1951-1967 жылдары — «Қазақстанмұнай» бірлестігі барлау қызметі басқармасы сауда базасының жүргізушісі. 1967-1973 жылдары — «Ембімұнай» комбинатының автомобиль гаражында жүргізуші. Қызыл Жұлдыз, 1-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен және медальдармен марапатталған. Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1 Дереккөздер
Санат:Тұлғалар